Ең қымбат құндылық

0
92

Халықаралық отбасы күні 1993 жылы қыркүйекте БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бе­кі­тіл­ген және 1994 жылдан бас­тап аталып өтілуде. Бұл күнді бел­гілеу әлем жұртшылығы­ның алаң­даушылығынан туында­ды. Бұл дата жұртшылықтың назарын қазіргі отбасы жағдайы­на аударуды, қоғамның бір институты ретінде отбасы­ның ма­ңыз­ды­лығын арттыруға шақырады.
Қазақстан Республикасы­ның Пре­зиденті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың 2014 жыл­ғы 11-қарашадағы «Нұрлы жол» Қа­зақстан халқына Жолдауын­да « … Тұрақтылық пен ке­лі­сім де­ге­німіз не? Ол – отбасы­лық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бей­бітшілік – ол әке мен ана қуа­нышы, ата-аналар ден­сау­лы­ғы және біздің бала­ла­ры­мыз­дың бақыты. Бейбітшілік – ол тұ­рақты жұмыс, жалақы жә­не ер­теңгі күнге деген сенім. Бей­біт­шілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, ны­ғай­туды қажет ететін жал­пы­ха­лық­тық жетістік», – деген болатын.
Халықаралық отбасы күні Қа­зақ­стан Республикасында 2015 жылдың 15-мамырында отбасы институттарының рө­лін арттыру, репродуктив­тік ден­сау­лық­қа ортақ жауап­кер­ші­лік­пен қарауды, өзіңнің және жа­қын­дарыңның денсаулығына қа­тыс­ты жауапты қауіпсіз мінез-құ­лық дағ­дыларын қалып­тас­тыру, сонымен қатар өмір­ге де­ні сау балалардың келуі­не жағ­дай жасау мақсатында «Отбасы – ұрпақтың саулығы, ұзақ өмір сүруі мен сабақтасты­ғы» ұранымен өтеді.
Отбасы — ұрпақтан-ұр­пақ­қа біздің мәдени құн­ды­лық­та­ры­мыз­ды, ұлттық дәстү­рі­міз­ді сақ­тау мен беруге арнал­ған маңызды орта, сондық­тан ол балаларды, қарттарды жә­не мү­ге­дек­тер­ді адамгершілік жә­не материалдық тұрғыдан қол­дайды. Халықаралық отбасы кү­нін өткізу отбасы мәртебе­сін кө­те­руге, маңызды мәселелер­ді жә­не қажеттіліктерді түсі­ну­ді жақ­сар­туға мүмкіндік береді.
Халықаралық отбасы кү­ні­нің шеңберінде елде отбасын жоспарлау, жас аналар, бо­са­ну­ға дайындық, дені сау бала денсаулық мектептерінің жұ­мыс­та­рын жандандыруға ба­ғыт­тал­ған шаралар, бейін­ді медицина мамандарын тарту ар­қы­лы әйелдер мен ер адам­дар­дың денсаулықтарына ке­рі әсер ететін ерте жүктілікке жол бермеу, ЖЖЖИ, АИТВ/ЖИТС-тың, мінез-құлықтық қауіп-қатер факторларының алдын алу, отбасын жоспарлаудың ма­ңыз­ды­лығы мәселелерін БАҚ-та хабарлау бойынша дөң­ге­лек үс­тел­дер, баспасөз мә­жі­ліс­тері өт­кізіледі. БАҚ-та хабарлау арқылы халық жаппай жиналатын (саябақ, алаң, стадион, спорттық алаңдар, неке және мәдениет сарайлары, супермаркеттер және т.б.) орындарда спорт­тық шаралар және т. б. кең ау­қым­ды акциялар өткізу көз­де­лініп отыр.
Еркін САҒЫНАЕВ

Бөлісу
Алдыңғы бетҮНДЕУІ
Келесі мақалаҚарилар бәсекесі

Жауап қалдыру