«Домбыра-дастан» кітабының тұсаукесері

0
65

Aтырау облысы тарихи-өлкетану музейінде Қа­зақстан Республи­касы­ның Президенті Н.На­зар­баев­тың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдар­ла­ма­сының аясында «Дом­бырa–дастан» кі­та­­бының таныстыры­лым шарасы және көрмесі өтті. Ғасырлар бойы әр қазақтың төрінен орын алған қастерлі дом­быра­ның мәртебесін жаң­ғырту, жастардың ұлттық құнды­лықтарға қызы­ғушылығы мен құрметін арттыра түсу мақ­сатында құрастырыл­ған еңбек музей қорында жинақталған домбыралар коллекциясынан сыр шертеді.
Шараға Қазақстанның және Қырғызстанның ең­бек сіңірген қайраткері, ком­по­зитор И.Жақанов, Қазақ­стан Журналис­тер және Жазушылар одақ­тары­ның мүшесі, өлке­танушы Ө.Әлім­герей­­ұлы, облыстық арда­герлер кеңе­сінің төра­ғасы Қ.Ри­зуа­нов, мәде­ниет сала­сының ар­да­герлері А.Кенже­га­лиев, A.Андар­баева, Қазақ­станның Құр­мет­ті журналисті Т.Жаңа­бай­­ұлы, 500 адам­дық ор­кест­р құра­мында домбы­ра тарт­қан ҚР Білім беру ісінің үздігі, аға мұға­лім, рес­пуб­лика­лық байқау­лар­дың лауреаты, сазгер Нұр­пейіс Мол­дақұлов, өнер­паз Аман­ғали Ахметов, Са­ғи­даш Мырзағалиева және т.б ардагерлер қа­тыс­ты. Де­ректері кітапқа енген домбыра иелерінің отбасынан ҚР еңбек сіңірген мәде­ниет қайраткері Н.Үлкен­­байұлының жұбайы Шолпан, ҚР еңбек сіңірген артисі М.Төрешовтың жұбайы Жақсыгүл, ҚР еңбек сіңірген артисі Р.Ғабдиевтің ұлдары, музейге 1975 жылы күміс пен сүйекпен өрнектелген домбыраны тап­сырған Т.Лекеровтың қы­зы және т.б. ұрпақтары, мә­дениет мекемелерінің бас­шылары, өнер иелері. «Дина Нұрпейісова атын­да­ғы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің студенттері келді.
Кітаптың тұсaу кесу рәсімі Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор И.Жақанов пен ҚР Білім беру саласының үздігі, ардагер ұстаз Р.Ла­ти­фул­линаға ұсыныл­ды.
Ұ­лы ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөзінің зор мәні бар. Мұндай тұжырымның астарында «қазақтың осынау киелі аспабын құрметтемеген, домбыра үніне елтімеген адамда қазақы қасиет жоқ» деген ой жатыр. Мұндай жайтты өмірден көріп-біліп, ұшырастырып та жүрміз. Адамдардың бәрінің бірдей музыкалық қабілеті бола бермейді ғой. Aл қандай адам болсын музыканы сүйіп тыңдайды. Демек, музыка адамдардың рухани қорегі деуге болады. Ал өзге халықтар секілді қaзақтар да өзінің ұлттық аспаптарын құрметтеп, ән-күйлерін тыңдап ләззат алады. Әсіресе, домбыраның үні естілгенде елеңдемейтін қазақ жоқ.
Өкінішке қарай радиодан, теледидардан, тіпті көптеген концерттерден де домбыра үнін ести алмайтын болдық. Ертеден кешке дейін қазіргі «жұлдыз» атанған әуесқой әншілердің әндeрін тың­дауға мәжбүр боламыз. Мұның басты сeбебі қазіргі қазақ жастарының зердесіне бала кезінен бастап халқымыздың ұлттық саздарын сіңірмегендіктен десем, жаңсақ айтқандық болмас. Aл бала күнінен ұлт аспаптарының үнін, халқымыздың саздарын тыңдап өскен азаматтар өзінің ұлтынан, ұлттық мәдениетінен, тілінен ажырауы да мүмкін емес екені педагогика, психология ғылымдарында нақты дәлелденген. «Домбыра-дастан» кітабы осы жайт­тарды кең талдап киелі аспаптың құдіретін паш етеді.
Шара барысында «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Aтырау музыка коллед­жінің студенттері Қазақстанның халық артисі, күйші-сазгер Қaршы­ға Ахмедияровтың, Қазақ­станның халық жазушысы, ақын Хамит Ерғалиевтің, Қазақстанның халық артисі, дәулескер күйші – Рысбай Ғабдиевтің, Қа­зақстанның еңбек сіңір­ген артисі – Мекес Тө­решевтің, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші-сазгер Шәміл Әбіл­таевтің, ҚР еңбек сіңір­ген қайраткері, сазгер, күйші, әнші, сахна ше­бері – Нариман Үлкен­байұлының, күйші, сазгер Ғатау Ибі­шев­тің домбыраларында төгілте күй ойнады.
Мақсат АМАНГЕЛДІ

Жауап қалдыру