Діни ахуалды нығайтуға жасалған нақты қадам

0
152

Жаңа Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылуы қазақ қоғамындағы діни ахуалды реттеуге, оның тұрақтылығын нығайтуға жасалған нақты қадам. Аталмыш министрлік қазіргі күнде экстремизм мен терроризм тудырған қауіп-қатерді сейілтуде пәрменді шешімдер қабылдап, осы бағыттағы жұмысты реттеуге ықпал етеді деген үлкен үміт бар.
Бүгінгі қоғам осынау сын­дарлы сәтте оның белсенді қызмет көрсетуін күтеді. Сон­дық­тан министрліктің жұмы­сына жетістіктер тілеймін.
Әрине, қандайда бір жаңа бастамаға сыни көзқараспен қа­рау­шылар көп болады. Де­генмен, мұның барлығы бүгінгі қоғамның дамуына кедергі бо­лып, халықтың қалып­тас­қан тұнық діни түсінігіне сына қағылған тұста ел игілігі үшін қолға алынған шара, қабыл­дан­ған шешім.
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен мемлекет арасындағы ын­ты­мақтастық байланысты дамыта түседі деген сенімдемін. Жұ­мыс онан әрі жандана түсуі тиіс. Сондай-ақ, ведомствоның ашы­луы жаңа, тың идеяларды жүзеге асыруға берілген мүм­кін­дік.
Қазір министрліктің штаттық құрылымын Президент Әкімші­лігімен бірлесе үйлестіру бұй­рығы берілген. Осы орайда жаңа ведомстволық құры­лымның оң­тайлы түзілуіне сәттілік тілей­мін.
Сонымен қатар, минис­тр­ліктің атауы және негізгі құры­лымдары өте дұрыс, сәтті таңдалғанын атап өткім келеді. Әрі функционалдық міндеті мен жұмыстары, бағыттары да дұрыс белгіленген. Әсіресе, азаматтық қоғамның жаңа ведом­ство құзіретіне берілуі дұрыс шешім деп білемін. Қазір­гі уақытта жат ағымдардан төнген қауіпке қарсы күрес­те азаматтық қоғамның бел­сен­ділігі аса қажет. Өйткені, мұндай қоғамның кеселімен күрес тек белгілі бір мекеменің немесе Мүфтият пен мешіттің ғана міндеті емес. Бұл келең­сіздіктерге қарсы бүкіл ел болып жұмыла жұмыс жасау керек. Сонда ғана жұмыс жемісті, іс нәтижелі болмақ.
Ершат ОҢҒАРОВ,
ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің xатшысы,
теолог, PhD докторы

Жауап қалдыру