Бүгін – Ораза айттың бірінші күні!

0
29

Ораза айт мерекесіне аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын. Барша халықты мұ­сыл­ман қауымының ұлық, қас­терлі мерекесі – Ораза айт мейрамының басталуымен құт­­тық­таймын. Айт мүбәрак бол­сын, ағайын!
Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт – мейірімділіктің, игілік­тің, бірліктің, ізеттіліктің, қайы­рымдылықтың мерекесі. Бұл мейрам барша халықты ізгілікке ұйытады.
Кеңпейіл, бауырмал, қонақ­жай, дархан мінезді мұсылман халқымыз Ораза айтты ерекше атап өткен.
Биыл еліміздің мұсылман­дары да қасиетті Рамазанда ауыз бекітіп, шарапаты мол айда жасалған ізгі іс-шара­ла­ры­мызға атсалысты. Мешіт­терімізде ауызашарлар мен қайы­рым­дылық акциялар өтті. Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсетілді. Сауабы теңдессіз осынау жақсы істерге үлес қосқан отандастарыма «Алла разы болсын» айтамын.
«Айт» сөзі «қарымта» деген мағынаны білдіреді. Жаратушы Иеміз әрбір ізгі амал мен игілікті істің сауабын беріп, мейірім-шапағатын төгеді.
Ора­за айт – бір ай бойы ораза ұстап, ықыласпен жақсылық жаса­­ған адамның құрметке, мара­патқа ие болатын кезі. Алла баршамызды мол сауапқа кенел­ген құлдарының қатарына қосуын тілеймін.
Айт күнінде толық жуынып, жұпар иіс себініп, жамағатпен айт намазына қатысудың сауабы ерекше. Айт намазына барудан алдын құрмадан дәм тату – пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сүннет амалы.
Ағайын-туысты, көршілер мен өзге ұлт өкілдерін ортақ мерекемен құттықтап, жылы шырай танытып, тілеулестік білдіру де – игі амал.
Қадірлі ағайын!
Барша отандастарымды Ораза айттың құрметі үшін бір-бірі­мізді кешіріп, өзара татулы­ғымызды нығайтып, әуелі Алланың, ата-анамыздың құрметі мен ризалығына бөле­нуге шақырамын.
Алла Тағала ұстаған ораза­лары­мызды, дұға-тілектерімізді қабыл еткей! Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы артып, Тәуел­­сіздігіміздің тұғыры биік, Елбасы бастаған егемен елі­міздің болашағы баянды болғай!
Ораза айт құтты болсын!

Жауап қалдыру