АЯҚКИІМ

0
64

Қыстың қақаған аязды күндері еді. Сәкен қатты тоңатын. Себебі, жыртық аяқ­киімінен су өтетін еді. Тұр­мыс­тарының нашарлы­ғынан ал­ғаш рет сол жылы қапа­ланды.
«Жақсы костюм, қалың пальто мен мықты аяқкиім алатындай ақшамыз болғанда ғой,» – деп күбірледі.
Бір күні мектептен үйіне қайтып келе жатып, «Бас Мешіттің» жанына келген­де екінді намазына азан ша­қы­рыла бастады. Сәкен мешітте жамағатпен бірге намаз оқуды өте жақсы көретін. Дереу мешіт ауласына кіріп, дәрет алу үшін суға барды.Сөмкесін орындықтың үстіне қойып, жеңдерін түре бастады. Таныс біраз мұсылман ағайындары судың айналасында дәрет алып жатыр еді. Су ағатын шүмекке қарсы отырып, аяқ киімін шеше бастады. Шұлығы қатты кірлеп кетіпті. Жыртық аяқкиімін ашумен жерге тастай салды. Міне, осы кезде қасында дәрет алып отырған кісінің бір аяғын жуып болып, орнынан түрегелгенін көрді. Бейшараның екінші аяғы жоқ екен.
Сәкен «жақсы аяқ киімім жоқ» деп, ренжігендігі үшін ұялды. Бұл – аяғы жоқ кісінің, мүмкін, бірнеше аяқ-киім аларлықтай ақшасы бар шығар. Бірақ, ақшаға барлық нәрсені сатып ала алмайсың.
Намаздан кейін қолын жайып, дұға қыла бастады. Сол күні Аллаһ Тағалаға өзіне сау аяқ бергені үшін шүкіршілік етті.
Пайғамбарымыз:
«Қанағатшыл бол. Міне, сол кезде ең жақсы шүкіршілік еткен сен боласың» – деп, қандай жақсы айтқан.

Жауап қалдыру