Айлықтан зекет беріле ме?

0
42

Шариғат бойынша, зекет парыз болуы үшін мұсылманның күнделікті қажеттіліктерінен басқа нисап мөлшеріне жете­тін байлығы болуы керек. Нисап дегеніміз – зекет парыз болатындай белгілі бір байлық мөлшері. Ал нисап мөлшері 85 грамм алтынға тең. Бүгінгі нарықта 1 (бір) грамм алтын шамамен 7 571 (жеті мың бес жүз жетпіс бір) теңге десек, 85 грамм алтын «643 535» (алты жүз қырық үш мың бес жүз отыз бес) теңге болады.
Сондықтан, негізгі қажет­тіліктер мен қарыздардан тыс жи­наған ақшаңыз нисап мөлшеріне жетіп және сол бай­лық қолыңызда бір жыл бойы тұрса, онда одан 2,5% зекет берілуі керек. Айлық мәселесі де дәл осылай. Егер барлық жалақыңыздан кем де­генде 643 535 теңге (нисап мөлшеріндей) көлемінде қаржы жи­налып, ол қаржы мұрты бұзылмай бір жыл бойы қолыңызда тұратын болса, онда сол жиналған барлық қаржыңыздан 2,5% көлемінде зекет беруіңіз керек.

Жауап қалдыру