Гүржістан парламентіне шабуыл жасалды

0
42

Гүржістан елінің прокуратурасы парламент ғима­ратына шабуыл жасауға қатысты қозғалған істі «төң­керіс жасауға әрекет ету» бабына ауыстырды, деп хабарлайды «Гүржістан Online» сайтына сілтеме жасап. Гүржістанның Бас прокуратурасы жалғасып жатқан тергеу жұмыстары кезінде 20-21 маусым күндері Тбилисидегі парламент ғимаратының алдында белгілі бір тұлғалар «билікті басып алу мақсатында мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болғанын анықтады».
«Бұл әрекетті іске асыру­дың алғашқы кезеңінде пар­­ламент ғимара­тын шабуыл­­мен алу көзделді. Кейін, билікті басып алу бойын­ша одан арғы іс-әрекеттер жалғаспақ болған. Бұл әре­кетке құқыққор­ғау орган­дары тосқауыл бол­ды», – де­лінген бейсенбі күні жа­рия­ланған прокура­тура­ның мәліметінде.
Бұған дейін басылым Гүр­жістанның ішкі істер вице-министрі Владимир Бор­цвад­зеге сілтеме жасап, ак­ция кезінде топ болып күш көр­сетті деген күдік­пен 4 адам ұс­талғанын хабар­ла­ды.
Еске салайық, 20 маусым күні Гүржістанда Үкімет мү­ше­лерінің доғарысқа ке­туін талап еткендер пар­ла­мент ғимаратына ша­буыл жасады. Ереуілді басу үшін полиция көз жасау­ра­татын газ, резеңке оқтар және суатқыштарды қолдануға мәжбүр болды. Франс пресс агенттігінің ха­барлауынша, 10 мыңға жуық адам Парламент ғима­ратының алдына жиналып, полицияның құрған шебін жарып өтіп, Парламент спикері Ираклий Кобахидзе және басқа да ресми тұлғалардың доғарысқа кетуін талап еткен.
Еуропа парламентіне жаңа президент сайланды
«Социалистер мен демократтардың прогресшіл альянсы» саяси тобының өкілі, италиялық Давид-Мария Сассоли Еуропа парламентінің жаңа президенті болып сайланды. Сәрсенбі күні Страсбургте өткен екінші раундта Д. Сассолиді қолдап 345 депутат дауыс берген.
Оның өкілдік мерзімі – 2,5 жыл, содан кейін жаңа президент сайланады. «Еу­ропаның консерваторлары мен реформашылдары» то­бы­ның өкілі, чех Ян Заградил 160 дауыс, «Жасылдар – Еуропаның еркін альянсы» фракциясының өкілі, германиялық Ска Келлер 119 дауыс, «Еуропаның бірлескен солшылдары» саяси тобы ұсынған испаниялық Сира Рего 43 дауыс жинаған. Айта кетейік, 63 жастағы Д. Сассоли көп жылдар Италияда журналист болып жұмыс істеген. 2009 жылы оны Италияның Демократиялық партиясы ұсынып, алғаш рет Еуропа парламентіне депутат болып сайланды, кейіннен 2014, 2019 жыл­дары қайта сайланған бола­тын.

Ормандар өртеніп, құстар қырылып жатыр
АҚШ-тың Аляска штатының поляр шеңберіне кіретін бөлігінде осы аптада тарихтағы ең жоғары температура тіркелді, деп хабарлайды ВВС. Штаттың оңтүстік бөлігінде, Найк өзенінің Аляска шығанағына құяр сағасына орын тепкен Анкоридж қаласында сынап бағаны 32ºC-ты көрсеткен.
Бұл қаланың маңына штат тұрғындарының 40%-ы шоғыр­ланған. Осы ай­мақ­­тағы орман­дар өртке оранып, өзен­дер арнасынан тасып жатыр.
Маусым айындағы маусымдық найзағайлар Аляскада алапат орман апаттарына себеп болған. Ғалымдардың айтуынша, табиғаттың тосын мінезі құстардың жаппай қырылуына да соқтырып отыр.
Deutsche Bank 18 мың қызметкерін қысқартады
Германиядағы ірі банктердің бірі Deutsche Bank 18 мың қызметкері қысқартуға ұшырайды. Бұл шара қаржы ұйымын қатаң түрде қайта құрылымдауға байланысты болып отыр. «Deutsche Bank өзінің бизнес-моделін қатаң түрде өзгертіп жатыр.
«Бұл қаржы ұйымының кірісін арттырып, акционер­лердің табысын көбейтеді және ұзақмерзімді өсімді қамтамасыз етеді», – деп мәлім етті банк баспасөзі. Бұл – негізінен Лондон мен Нью-Йоркте құнды қағаз­дарды орналастырумен айналысатын мамандар. 18 мың адам – банктің бүкіл жұмыс күшінің бестен бір бөлігі. Қаржы институты 2022 жылға қарай шығындарын 25 пайызға азайтуды көздеп отыр.

 

 

Жауап қалдыру