Деректер мен дәйектер

0
72

Елорданың жалпы ау­мағы – 800 шаршы шақы­рым.

Елордада Алматы, Бай­­қоңыр, Есіл, Сарыарқа сияқ­ты 4 әкімшілік аудан бар.

Астанада 1 млн-нан астам халық тұрады. Оның 77,20 пайызы қазақ, 14,12 пайызы орыс, 1,45 пайызы украин. Басқа этнос өкілдерінің үлесі 7,23 пайыз. Тұрғындардың 51,7 пайызы әйел.

Орташа үйлену жасы ерлерде – 27,5, әйелдерде – 25,3 жас.

Астаналықтардың ор­та жасы – 30 жас.

Астана – Ұлан-Батордан кейін жерша­рындағы ең суық астана.

«Астана» атауы қазақ тілінде ел кіндігі яғни ел астанасы деген ұғымды беретіні белгілі. Дәл осындай мағына беретін әлемде тағы бір қала бар ол – Сеул. Кәріс тілінен аударғанда «соуль» сөзі «астана» деп аударылады екен.

Астанадағы әрі Қа­зақ­­стандағы ең биік ғима­рат – «Зүмрат кварталы». Ғимараттың ең биік мұнарасы – 210 метр.

Елордада салынып жатқан «Абу-Даби Плаза» ғима­раты, пайдалануға берілген соң әлемдегі ең биік 14 ғимараттың қата­рына кіретін болады.

Есілдің сол жаға­лауын­да алғаш пайда­лануға берілген ғимарат «Қаз­мұ­найгаз» ҰК» АҚ кеңсесі. Ол 2002 жылдың желтоқ­санында салынып бітті.

Министрлер үйі елор­дадағы ең ұзын ғимарат. Оның ұзындығы 2 шақы­рымға жуық.

«Хан-Шатыр» сауда кешені шатыр пі­шіндес әлемдегі ең үлкен ғимарат ретінде Гин­нес­тің рекордтар кітабына енген.

Елордада Гиннес кітабына кірген ғимарат­тардың тағы бірі – «Думан»» океанариумы мұ­хит­тан ең қашық жат­қан океанариум.

«Хазірет Сұлтан» ауқымы жөнінен Орталық Азиядағы екінші үлкен мешіт. 11 гектар көлемді алып жатқан мешітке 10 мың адам сияды.

«Астана Арена» стадионы ашылмалы-жабылмалы жабынға ие әлемдегі 6 нысанның қатарына кіреді. 30 мың орындық ғимарат жыл бойы қызмет етеді.

«Астана Опера» – Орталық Азиядағы ең үлкен театр. Оның сыйым­дылығы – 1250 орын.
Елдегі ең үлкен жа­лау осы астанада орнатылған. Оның ұзындығы 30 метр, ені 15 метр. 111 биіктікте ілінген ту қаланың кез келген нүктесінен көрінеді.

Елордада жылына 80 млн гүл егіледі. Сондай-ақ 1997 жылдан бастап 1 млн-нан астам көшет отырғызылған.

Әр он жылда Аста­наның жылдық ауа тем­пера­турасы 0,3 °С көте­ріліп келеді. Бұл жаһан­дық орта температурадан 2 есеге жоғары.

 

Жауап қалдыру