Бюджеттің орындалуы оң көрсеткішке ие

0
89

Мемлекет басшысы Нұр­­сұлтан Назарбаев «Қазақ­станның үшінші жаң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында елдің жаһан­дық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі ел экономикасының өсіміне ерекше назар аударған болатын. Бұл ретте жергілікті бюджет тү­сімдерінің қамтамасыз етілуі, оның игерілуі, орын­ды жұмсалуының маңыз­дылығы айшықтала түседі.
Алматы облысының үстіміз­дегі жылғы бюджетінің кө­лемі 404 196,2 млн теңгені құрайды. Жыл басынан бергі 9 ай қорытындысы бойынша 292 517,1 млн теңге игерілді. Бұл – өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, бюджеттің орын­далуы 0,4 пайызға артқа­нының көрсеткіші. Бұған бюд­жеттің орындалуына апта сайынғы жасалған мониторинг арқылы қол жеткізілді.
Басқарма тарапынан облыс бюджетінің орындалуы туралы есептер, түсіндірме жазбалар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, облыстық әкімдікке, мәслихатқа және облыстың тексеру комиссиясына тұрақты түрде ұсынылып тұрады. ҚР Қаржы министрлігіне ұсынылатын барлық есептер арнайы әзірленген заманауи бағдарламалар арқылы, яғни электрондық түрде интег­рацияланған жүйелермен жол­данады. Бағдарламалар есеп­терге жауапты мемлекеттік қызметшілердің есеп беру уақы­тын үнемдеп, жұмыста рационалдылығын дәлелдеуде.
Алматы облысының 2017 жылғы бюджеті облыс мәсли­хаты­ның 2016 жылдың 9 жел­тоқсанындағы «Алматы облысының 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» №11-54 шешімі негізінде бекітілген болатын. Басқарма тарапынан облыстық және аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен төлемдер, міндеттемелер мен түсімдер бойынша жиынтық және жеке қар­жыландыру жоспарларын құрастыру бойынша сәйкесінше жұмыстар жүргізеді.
Есептік кезеңде облыс бюджеті бір рет түзетіліп, үш рет нақтыланды. Сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан жол­дан­ған өтінімдердің негізінде бюджеттік заңнаманың шеңберінде қаржы­ландыру жоспарларына өзгерістер енгізілген.  Облыс мәслихатының шешімдері мен облыс әкімдігінің қаулылары негізінде қаржыландыру жос­пар­ларына өзгерістер енгізу процесі бірталай жұмысты қамтиды. Осы барлық жұмысты бюджеттік бөлімдердің қыз­мет­шілері бірлесе жасап, бюджеттің сапалы және уақы­тылы игерілуіне  үлестерін қосуда. 2017 жылдың ақпан-қыр­күйек айларында заңнама шеңберінде қаржыландыру жос­пар­ларына өзгерістер енгізу бойынша жалпы 785 анықтама жасалған. Басқарма міндетіне жалпы облыс пен аудандар кесіндісінде жеке табыстар бойынша түсімдердің жиынтық жоспарын құрастыру жатады. Соның ішінде аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының резерв қаражатының және облыстық резервінің пайдаланылуы туралы ақпаратты ай сайын жинақтау, резервтен қаражатты бөлу мүмкіндігін қарастыру бойынша келіп түскен өтінім­дерді қарастыру, резервтен төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға және сот шешім­дері бойынша шұғыл шығындарға қаражатты бөлу туралы облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына өтінім жолдау міндеттерін жүзеге асырады. Республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген несие­лердің қарыз алушыларға уақытылы түсуін, қарыз алушылар тарапынан несиелерді және оларға қатысты тиісінше төлем­дері уақытылы өтелуін, несиелер бойынша келісім-шарт­тардың дұрыс жасалуын және орындалуын бақылайды.
Ағымдағы жылдың 1 қазанын­дағы жағдай бойынша бюджет түсімдерінің нақтыланған жоспары 350 176, 3 млн теңгені құрады. Оның ішінде салықтық түсімдер – 41 088,1 млн теңге, салықтық емес түсімдер – 2 133,7 млн теңге, негізгі капиталды сатудан түскен қаражат – 10 млн теңге, трансферттердің түсуі – 287 924,1 млн теңге, бюджеттік несиелерді өтеу – 3 741,8 млн теңге, займдардың түсуі – 9 730,9 млн теңге шамасында болды.
Басқарма ережедегі анықтал­ған өкілеттіктерді орындау  үшін облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқар­масымен келісілген бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асырады. Ол бағдарламалар: 004 – «Жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету», 007 – «субвенциялар», 012 – «облыстық жергілікті атқарушы органының резервi», 015 – «Жергілікті атқарушы органның  жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу», 016 – «Жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету», 018 – «Республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару», 011 – «Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) транс­ферт­терді қайтару», 053 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (тү­гел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасын қайтару».
Басқарма бюджет жөніндегі атқарылатын қызметпен қатар, облыстық коммуналдық меншікті басқару, жалдау, сату және сенімгерлік басқару жөнінде де жұмыстарды жүргізеді.
Қазіргі уақытта облыстың коммуналдық меншігінде 1935 заңды тұлға тіркелген. Оның ішінде 1446 адам мемлекеттік ме­кемелерде, 308 адам мемле­кеттік коммуналдық қазына­лық кәсіпорындарында, 123 адам шаруашылық жүргізу құ­қы­ғындағы мемлекеттік ком­муналдық кәсіпорын­дарында, 3 адам акционерлік қоғам­дарда, 55 адам жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде қызмет етеді.
2017 жылдың басынан бастап мемлекеттік меншік нысандарын өткізіп беруге қатысты облыс әкімдігінің 53 қаулысы дайындалып, қабылданды. Оның ішінде республикалық және облыстық деңгейде мү­лік­ті өткізіп беру туралы 29 қаулы, облыстық және аудандық деңгейдегі мүлікті өткізіп беру туралы 24 қаулы бар.
2011 жылғы 28 қыркүйектегі №1103 «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын орындау мақсатында облыстың коммуналдық меншігіне 5 нысан қабылдап алынды.
2015 жылғы 28 желтоқсанда­ғы №1095 «Акцияларының (жар­ғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын орындау мақсатында, қызмет түрлері заңды тұлғалар сәйкестігіне келтірілген.
Бүгінде жекешелендіру бо­йын­ша қызметтер мен жұмыс­тар жалғасуда. Қазіргі таңда 2017-2018 жылдары жекешелендіруге жататын кәсіпорындар бойынша Алматы облысы әкімдігінің «Бәсекелестік ортаға беруге жататын коммуналдық  меншіктегі нысандардың тізбесін бекіту туралы» №82 қаулысына өзгерістер енгізу туралы №187 қаулысы қабылданды. Осы қаулыға сәйкес 49 нысанды бәсекелестік ортаға беру жоспарлануда. 46 нысан (94%) ағымдағы жылы берілсе, 3 нысан (6 %) 2018 жылы берілмек.
Жекешелендіруге жататын әр нысан бойынша сауда-саттыққа шығару бойынша Жол картасына сәйкес іс-шаралар жоспары бекітіліп, мемлекеттік мүлік тізіміне енгізілді.
2017 жылы бәсекелестік ортаға беруге жататын 45 нысан бойынша бағалау жұмыстары аяқталды. Ол нысандар 45,2 млрд теңгеге бағаланды. Қазіргі кезде, бекітілген кестеге сәйкес 13 нысан 517,5 млн теңгеге сатылды.
Сонымен қатар 24 нысан жалпы сомасы 43,2 млрд теңге сомасында электрондық сауда-саттыққа қойылды. Ал 8 нысан – қайта құрылу мен жойылуға байланысты, сауда-саттықтан алынды, 1 нысан («Жерұйық-Талдықорған» агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС) Талдықорған қаласы әкімдігінің 2017 жылғы  5 қазандағы қабылдаған қаулысы негізінде бағалау жұмыстары жүргізілмей таратылған.
Қалған нысандарды электрон­дық тендерге қою үшін барлық қажетті құжаттар жинастырылып, нысандарды бағалау жұмыстары жүргізілуде. Нысандарды бәсекелестік ортаға беру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.
Басқарма қызметкерлері жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік мейрамдарды тойлау бойынша ұйымдастырылған шаралар, арнайы ұйым­дас­тырылатын қоғамдық пікірталас алаңдары, сенбіліктер, спорттық, мәдени, концерттік және өткізілетін түрлі мерекелік іс-шараларға белсене қатысады.

Болат САТПАЕВ,
облыстық қаржы басқармасының басшысы

Жауап қалдыру