Ауылым – алтын бесігім

0
48

Алматы облысында жылдар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша өткізілетін аудан, қалалардың мәдениет күндері биылғы жылы «Ауылым – алтын бесігім» атты тақырыпта ұйымдастырылып, ол мәдениет мекемелерінің  халыққа қызмет көрсетудің сапалық деңгейін арттыру, мәдениет орындарының көркемдік безендірілуі, материалдық-техникалық жабдықталуын қадағалау мақсатында жүргізілді. Маңызды бағытта жүргізілген  жұмыстар  Алматы облысының әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлының қолдауымен, облыстың  барлық аймақтарында өткізілді.  
Жуырда Талдықорған қала­сын­дағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында   Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» ма­қа­ласында  атап көрсетілген басым бағыттарды  іс жүзіне асы­ру, облыс көлеміндегі ауыл­­дық мәдениет үйлері мен клубтардың түбегейлі өзгерісін, мәдени өрлеу мен жаңаша өмір жетістіктерін таныстырып, көр­кемөнерпаздар ұжымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтумен қатар аудана­ра­лық, ауыларалық рухани-білімділік пен мәдени байланысты мақсат еткен мәдениет күндерінің қорытындысына ар­налған мерекелік шара өт­кі­зілді.
Айта кетейік, жаңа форматта бастау алған ауыларалық мәдениет күндерінің ережесіне сәйкес облыстағы   ауыл тұрғындарының  бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, Қа­зақстан халқы мәден­иетін жандандыру және оны  дамыту, ауыл жастарын ұлт­тық және әлемдік мәде­ниет құндылықтарымен т­аныстыру, эстетикалық, рухани тәрбие алу бағытындағы жұмыстарды бағалау барысында ұйымдастыру комитеті мен білікті мамандардан құрылған қазылар алқасы ауыларалық мәдениет күндерінің өткізу тіртібі мен шарттары бойынша облыстың барлық елді мекендердегі ауылдық мә­де­ниет үйлері мен клубтарды қатыс­тырып, аудандық мәде­ниет және тілдерді дамыту бөлімдерінің ұсынысымен өз аймақтарындағы ең үздік деген екі, үш мәдениет үйлері мен клубтардың қатысуын ұсынған еді.
Мәдениет үйлерінің жұмы­сын бағалаған әділқазылар алқасы ереже талаптарына  сай 10 бағыт бойынша мәдениет үйінің сыртқы, ішкі безендірілуі және көгалдандырылуын, ма­териал­­дық-техникалық жағда­йын, мекемеге тиісті бар­лық құжаттарының жасалуы мен оның орындалуын, көрке­мөнер­паздар үйірмелері мен атағы бар ұжымдардың жұмысын, «Шежіре – өнер-тәлім отауы» үйірмесінің жұмысын, қолөнер шеберлерінің көрмесін, мәдени іс-шаралардың өткізілу деңгейін, тұрғындармен қам­тылуын, кадрлардың сапалық құрамы және «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандардың тартылуын, жарты сағаттық концерттік бағ­дарламаның сапасы мен жалпы ұйымдастыру жұмыстарын са­ралап қорытындысын шы­ғарды.
Облыстың барлық мәдениет қызметкерлері қатысқан бас­қосуға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысып, сала еңбеккерлерін құттықтады.
– Облыста  аймақтардың мәде­ниет күндерін өткізу дәс­түрге айналған.  Биыл оның ережесі де өзгертілді. Байқауға 33 мәдениет мекемесі қатысты. Олардың барлығы арнайы жүлделермен марапатталатын болады.  Әрбір қалада, кез келген ауылдағы мәдениет үйлері мен клубтар өз ерекшелігімен үлкендерді де, өскелең жас ұрпақтарды  да өзіне тартатын мәдени орындар болуға тиіс. Бұл – өте маңызды мәселе.  Осы бағытта мақсатты жұмыстар атқарылуда.  Тек, үстіміздегі жы­лы ғана мәдени нысандарын күрделі жөндеуге және жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге   облыстық бюджеттен 1,1 млрд теңге бөлінді. Алда тұрған міндеттерді бірлесіп шешеміз деген сенімдемін, – дей келіп, облыс басшысы «Ауылым – алтын бесігім» атты ауыларалық мәдениет күндеріне белсене қатысып, «Үздік» деп танылған  ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар жетекшілеріне  300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар, дыбыс аппаратуралары мен арнайы компьютерлермен марапаттады.
– Халқымызда «Ел іші – өнер кеніші» деген ұлағатты сөз бар. Ол ең алдымен өнерге деген талаптылар мен талан­тылардың барлығы дерлік халқымыздың алтын бесігі – ауылдан шығатыны белгілі. Осыған орай, бүгінгі өткізілген шара сол ауылдың бүгінгі күнгі мәдениет саласындағы келбетін көрсете отырып, рухани құндылықтарды насихаттаудың  жолдарын мейлінше қарастыру, оны жария ету, –  деді облыстық мәдениет, мұрағаттар және құ­жаттама басқармасының бө­лім басшысы Төлеужан Ғұмаров.
Мерекелік шара соңы  өнер­паздардың  гала концертіне  жал­ғасты.

Ғ. БИШАЛОВ.

Талдықорған қаласы

Жауап қалдыру