Редакция

Республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газетінің редакциясы басылымның құрылтайшысы «Астана Медиа Пресс» компаниясының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Компания құрамында газеттен өзге «Қазақстан патриоты», «Той әлемі», «Этнопедагогика», журналдары, «Астана Медиа Пресс» баспасы, «Уақыт Таңдауы –Выбор Времени» Агенттігі, «Қазақ Ұлттық Әдет-ғұрып, салт-дәстүр Академиясы», «Астана Медиа Пресс» жаңалықтар агенттігі бар.

Редакция алғашқы күннен АҚШ-тың «Нью-Йорк таймс» газетінің қағидаттарымен және тәсілдерімен жұмыс істейді. Қоғамдағы оқиғалар мен құбылыстарға дер кезінде үн қосу, оған обьективті баға беру, билік пен бұқара арасындағы диалог, әлеуметтік қиғаштықтарға жол бермеу, теріс құбылыстардың алдын алу, қазақ ұлтының мемлекеттегі жетекші әрі топтастырушы рөлін қалпына келтіру мәселелері басты назарда ұсталады.

Тақырыптарды таңдау, оны беру тәсілдерін айқындау журналистердің ой-шабуылы (мозговая атака) түрінде жүзеге асырылады. Редакция ұжымы шағын болғанымен мобильді жұмыс істейді. «Астана Медиа Пресс» компаниясы мен газетке белгілі публицист-жазушы, Қазақстан Педагогикалық Ғылым академияысының академигі, Д.Қонаев университетінің профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Марат Бәйділдәұлы Тоқашбаев жетекшілік етеді.