Зиянды тағамдар

0
218

Бүгінгі таңда дүкен сөре­лерінен пайдалы тағам­дарды кездестіру қиын. Кері­сінше адам денсаулығына зиянды тағамдар күн санап көбейіп келеді. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға ең қауіпті 5 тағамды ұсына­мыз.
1. Джем
Дүкен джемдері өте зиянды. Өйткені оның құра­мында жеміс-жидектерді бү­лінбеген қалпында сақ­тай­тын антиқышқылдар бар. Сонымен қатар бояғыш зат­тар да көп қосылады.
2. Попкорн
Жүгерінің адам денсаулы­ғына зияны жоқ. Алайда оны дайындау барысында май, тұз, қант, дәмдеуіш, бояғыш пен хош иіс беруші заттар қолданылады. Попкорнға қосылатын тұздың мөлшері қытырлақтарға қарағанда әлдеқайда көп.
3. Пісірілген шұжық
Пісірілген шұжық, қысқа шұжық, езілген еттен жа­салған шұжықша, паштет се­кілді тағамдарға 40 пайыз шошқаның еті қосылады.
4. Картофель фри
Картофель фридің құра­мында майлы заттар көптеп кездеседі. Ал ол тез семіртіп, қант диабеті, атеросклероз, қатерлі ісік секілді ауруларға соқтырады.
5. Ұзақ сақталған сүт өнімдері
Екі аптадан артық тұрған сүт өнімдерін тұтынбаңыз. Өйткені олар сіздің ағза­ңызға кері әсерін тигізеді.
Бұл тағамдарды ас мәзірі­ңізден алып тастаңыз. Сон­да ғана денсаулығы­ңыз­дың жақсарғанына көзіңіз жетеді.

Жауап қалдыру