Жеуге болмайтын тағамдар

0
32

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ) қайта өңделген ет өнімдерінің (сүрленген, сақталған, тұздалған және консерванттар қосылған) канцерогенді яғни қауіпті ісік тудырушы екендігін ресми түрде хабарлауда.
Шұжықша, шұжық, жеңіл тұздалған шошқа еті сынды өнімдердің қатарына асбест пен табак та қосылды.
Шұжық өнімдері – онкология­лық ауруларға себепші болады. Ондаған мемлекеттердің өкілдерінен құралған ғалымдар мен дәрігерлердің комитеті, 800-ден астам ғылыми зерттеулердің негізінде, шұжық өнімдері қатерлі ісікке шалдықтыратынын дәлелдеді.
Жас ерекшелігіне қарамас­тан, өз денсаулығын ойлайтын кез келген адам, аталған өнімдерді мүлде тұтынбағаны абзал. Бұл өнімдер ұры тағамдар санатына жатқызылады. Өйт­кені денсаулыққа берерінен, алары көп, зияндылығы жоғары.
The World Cancer Research Fund (Дүниежүзілік онкология­лық зерттеулер ұйымы) дәмха­на­лардың мәзірлерінен шұжық өнімдері мен сүрленген етті мүлде алып тастауды ұсынуда.
Ендігі кезекте шектеу емес, тыйым салу мәселесі күн тәртібіне шықты. Сондықтан бұған байыптылықпен қарап, шындап назар аудару қажет. Тіпті, шұжықтардың қаптамасына, шылым қораптарындағыдай денсау­лыққа аса қауіпті екендігін ескертіп көрсету де артықтық етпес еді.

Жауап қалдыру