Жапондық 5S жүйесі

0
27

Заманауи тайм-менеджент түсінігі тура­лы айтқанда, адамдар көбіне бізге Ба­тыстан келген тұлғалық-іс-әрекеттік ұйым­дастыру жүйесі мен әдістемелеріне сілтеме жасайды. Бұны да түсінуге болады, се­бебі жеке уақытты тиімді басқаруға мүмкіндік беретін барлық теориялық және тәжі­рибелік білім базасы сол жақта пайда бол­ған.
Алайда көпшілік Шығыстың да өзіндік, олардан кем түспейтін (тіпті, кейбір жа­ғынан батыстыкінен де асып түсетін) уа­қытты басқару техникалары бар екенін біле бермейді. Шығыс дегенде, әрине, өзінің бизнес-технологияларының бірегейлігімен танымал Жапония айтылып тұр. Дәл сол жапондардың арқасында біз 5S жүйесінен хабардармыз.

5S жүйесі деген не?
Жапондық 5S жүйесі – өндірісте немесе кеңседе тиімді жұмыс жағдайларын жа­сауға мүмкіндік беретін нақты құрылым­далған жүйе. Мінсіз немесе мінсізге жа­қын шарттарды қалыптастыру жұмыс ор­нындағы тәртіпті орнату, тазалық пен ұқып­тылықты сақтау, уақыт пен қуатты үнемдеуге көмектесетін шараларды әзір­леу арқылы қол жеткізіледі.

5S жүйесі әдістемесінің құрамдас бөліктері
5S әдістемесі жұмыс құрылымында бес негізгі қағидаға немесе жапондарша айтсақ, 5 қадамға негізделген. Оларды қыс­қаша қарастырайық.
1-ші қадам – «Сэири», жапон тілінен аударғанда сұрыптауды, барлық қажетсіз, пайдасыз, зиянды нәрседен арылуды білдіреді. Тәжірибелік тұрғыдан алғанда 5S жүйесінің бұл тармағы жұмыстағы барлық қоршаған заттарды: қажетті және қажетсіз деген екі топқа бөлуді меңзейді. Адамдар заттарды үш санатқа бөліп сұрыптайды:
Қажетсіз, яғни қайта өңдеуге жіберілетін заттар;
Қажет болып қалуы мүмкін – анда-санда пайдаланылуы ықтимал заттар – оларды бөлек орналастырады;
Қажетті – күнделікті жұмысқа керек зат­тар, яғни оларсыз жұмыс тоқтап қала­ды.
Бұл қадам еңбектің мәдениеті мен қауіпсіздігін арттырады деп есептеледі.
2-ші қадам – «ұқыптылық, тиісті тәр­тіп­тің сақталуы» деп аударуға болатын «Сэйтон».
Бұл қадам күнделікті жұмысқа қажетті заттарды ретке келтіруге бағытталған. Заттарды керек кезінде оңай алуға бо­латын жерлерге орналастыру. Жылдам іздеп, таба алу үшін барлық заттарға белгі қоюға кеңес беріледі.
3-ші қадам – «Сэисо» — «ретке кел­тіру, таза сақтау, жылтырату» деп ау­дарылады.
Бұл қадам жұмыста тазалық орнатуға бағытталған. Жұмыс орнын визуалды етіп бірнеше функционалды аймаққа бөлу керек. Барлық құралдарды таза ұстау, оларды уақтылы тексеріп тұру керек. Бұл нәрсе тиімді жұмыс жасауға кедергі келтіретін мәселелердің алдын алуға көмектеседі, мысалы, заттардың бұзылуы мен істен шығуы.
4-ші қадам – «Сэикэцу» — тура аудар­ғанда «стандарттау» деп аударылатын сөз.
Бұл кезеңде аталмыш үш қадамды жүзеге асырудан пайда болған нәтижелері талданады, нәтижелер арнайы жазу кітап­шасына жазылады (немесе элект­рон­ды түрде жазып алынады). Ең тиімді ше­шімдер жұмыс процесін стан­дарттау мен ав­то­маттандыруға бекітіледі.
5-ші қадам – «Сицуке» – бұл ұғым аудармада «жетілдіру, тәртіпті, жүйені, тұрақ­тылықты қалыптастыру» дегенді білдіреді.
5S-ті философия түрінде түйсінуге ба­ғыт­талған соңғы қадам. Алдыңғы қадам­дар­ды жүзеге асыру барысында пайда бол­ған ұқыпты, үнемді өндіріс жүйесі тұтас алғанда бүкіл жұмыс тиімділігін айтар­лықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Түптеп келгенде, тайм-менеджменттің басты мақ­саты да осы.

/bilimstar.com.cutestat.com

Жауап қалдыру