Қысымды дәрісіз түсіру жолдары

0
33

Жоғары артериялық қы­сым көп жағдайда суса­мырмен (диабет) бірге жү­реді. Шамамен үш ересек адам­ның екеуі сусамырмен ауырып, гипертония (қан қысымының артуы) қатар кездеседі. Екі жағдай да инфаркт, инсульт және көз бен бүйрек ауруының ықти­малдығын арттырады.
Қандағы қант деңгейі се­кілді артериялық қысым да күні бойы теңселіп тұрады. Қалыпты көрсеткіш 120/80 mm/Hg, алайда, одан сәл жоғары болса, қорқудың қажеті жоқ. Гипертония – 140/90 көрсеткішінен де жоғары қысым. Егер сіздің күнделікті артериялық қы­сымыңыз жоғары болса, дәрігер дәрі жазып бермес бұрын сізден өмір сүру салтыңызды өзгер­туді сұ­райды. Төменде артерия­лық қысымды төмендетудің бірнеше жолын көрсетеміз.
1. Тұз мөлшерін азайту
Егер адамдар күніне 1,5 г натрийден (3-4 г тұз) артық қолданбаса, жыл сайын артериялық қысымы жоғары адамдар санын миллионға дейін азайтуға болатын еді.
2. Күйзелісті азайту
Көптеген зерттеулер бо­йын­ша күйзеліс деңгейін азайту артериялық қысым­ды да төмендетеді екен. Зерт­теулердің нәтижесі бо­йынша, күніне 30 минут тыныштандыратын ән тың­дағанның өзі арте­рия­лық қы­сымды түсіруге көмек­те­седі.
3. Ішімдікті тоқтату
Адамдар ішімдікті азай­тқан кезде олардың қы­сымы төмендей бастайды. Егер сіздің артериялық қысымыңыз жоғары болып, ішімдік ішетін болсаңыз, міндетті түрде дәрігерге кө­рініңіз.
4. Калий мөлшерін көбейту
Диетологтардың ұсынысы бойынша, ересек адамдарға күніне 4 700 мг калий және 2 300 мг натрий тұтыну керек. Алайда адамдардың көпшілігі керісінше істейді, яғни күніне калийге қа­ра­ғанда екі есе көп натрий қолданады. Калий мөлшері жоғары азық-түліктерді жеу арқылы қысымды төмен­детуге болады. Калийге бай тағамдарға соя бұр­ша­ғы, консервіленген бұршақ, қызанақ пастасы, сау­мал­дық (шпинат), үрме бұ­шақ (фасоль) және жасы­­мық (чечевица) жатады.
5. Магний мөлшерін жеткілікті түрде қолдану
Магнийге бай тағамдарды қолдану қан қысымын бақылауда жақсы көмек­теседі. Ағзада магнийдің аз болуы инсультке әкеліп соғуы әбден мүмкін. Магний мөлшері көп тағамдарға кебек, бадам, жаңғақ (фундук), саумалдық және сүт жатады.
6. Сүт туралы ұмытпау
Кальцийге бай сүт және басқа да сүтті тағамдардың қысымды түсіруде тиімділігі дәлелдеген. Ұсынылатын күндізгі қалыпты қальций мөлшері 1000-1200 мг құрайды. Ол сүтті 250 мл стақанмен 3-4 рет ішу дегенді білдіреді. Кальцийге бай басқа да тағамдарға йогурт, брокколи және орамжапырақ жатады.
7. Картоп жеу
Аздап болса да картоп жеу керек. Себебі картоп калийге бай болуымен бірге, оның құрамында қысымды төмендететін кокоамин деген зат бар.

Жауап қалдыру