Уақытты құр өткізбейік

0
117

Өмірде әрбір сәт, әрбір мин­ут бағалы. Ал оның ба­ғасын біліп, тиімді пай­далану өз қолыңда. Тіпті бүкіл уақытыңды бір іске арнап, бол­маса бүкіл өміріңді босқа өткізуге де болады. Ал сіз өз уақытыңызды тиімді пайдаланып жүрсіз бе? Әлде уақыттың қалай өтіп кеткенін сезбей де қаласыз ба? Осы орайда босқа өтіп жат­қан өмірдің 7 белгісі жайлы айта кеткенді жөн санап отырмыз.
1. Уақытыңызды түкке тұ­рғысыз нәрсеге өлтірмеңіз. Интернетке кіру, ви­део­йын­дар ойнау, теледи­дар қарау, алкогольді ішімдіктер ішу, т.б. Бұл тізімді жал­­ғастыра бе­руге бо­лады. Ол үшін көп уақы­ты­ңызды неге көп ар­най­тыны­ңыз­ды саралаңыз. Керек еме­сінен те­зірек арылуға тыры­сы­ңыз.
2. Өз өмі­­ріңізге көп ша­ғым айт­паңыз. Өз өміріңіз, көр­ген күніңіз, қызметіңіз, бас­ты­ғыңыз, көршілеріңіз ұна­майды. Достарыңызға олар туралы жиі шағымданасыз. Негізі олай шағымданып босқа уақыт өткізудің қажеті де жоқ. Оларға айналаңыздағы жақ­сы адамдар, игі істер тура­лы айтыңыз. Жағымсыз ойлар мен пікірлерден аулақ болы­ңыз.
3. Рухыңызды көтеріп жүріңіз. Көп адамдар өзіне не қызық екенін білсе де, білек сыбана кіріспейді. Себебі оны бастар жол қиындау бол­ғанмен, бір бастағаннан кейін жалғастыру оңай. Өйткені кез келген адам өзі қалаған істі бастағаннан кейін шабыттана түседі. Істеген ісінің рахатын сезінеді. Ол үшін өзіңді жиі рухтандырып тұруың қажет.
4. Болашаққа жоспар құру маңызды. Босқа өтіп жатқан уақыттың бір белгісі – жоспарсыз өмір сүру. Кейбіреулер жоспар құруға болмайды деп айтып жатады. Бұл – негізі еріншектің сөзі. Себебі алдына жоспар, мақсат қойған адам ғана бағыт алған шыңын бағындыра алады. Ал жоспар құру – ешқашан кеш емес. Осыған дейін алдыңа мақсат, жоспар құрмай уақыт өткізіп келсең, қазірден бастап жоспар құра беруіңе болады.
5. Қажетсіз нәрсеге ақша шашпа. Соңғы үлгіде жа­ңарған гаджеттерді алуға ұмтыласыз. Ол үшін несие немесе қарызға ақша алып сатып алатындар да бар. Шын мәнінде, өмірде аса маңызды сол смартфон немесе планшеттер емес екенін білетін де боларсыз. Сон­дықтан да босқа ақша шаш­пауға тырысыңыз. Ақша табу үшін де уақыттың қажет екенін естен шығармаңыз.
6. Тынығу тек ұйқы қан­дыру ғана емес. Демалыс күндерінде тынығуды ұйқымен байланыстырсаңыз қатты қателе­сесіз. Сондай-ақ көп уа­қы­тыңызды ұйқымен өткіз­­бе­ңіз. Ұйқы ережесін ұстанса­ңыз күні бойы сергек жүруге болады.
7. Саламатты өмір салтын сақтан. Қым-қуыт тіршілікпен жүріп денсаулыққа, спортпен шұғылдануға мән бере бермейсіз. Мұның өзі босқа өтіп жатқан уақыттың бір белгісі. Себебі өмірде басты байлық – денсаулық. Ал ден­сау­лықтың мықты болуы – жиі спортпен шұғылдану, жаттығу жасаумен де тығыз байланысты. Сондықтан да денсаулығыңызға жіті мән беріп, салауатты өмір салтын сақтаныңыз.

Жауап қалдыру