Тіске пайдалы 10 тағам

0
237

Қазіргі таңда дүкен сөрелеріндегі саналуан тағамдардың бірқатары химиялық қоспаларға толы. Адам ағзасына пайдасы болмақ түгілі, табиғи дәрумендері жоқтың қасы. Күнделікті қолданып жүрген сусындарымыз, азық-түліктеріміз денімізге саулық берудің орнына, түрлі ауруларды «сыйлап» жатады. Мысалы, көп мөлшердегі қант, газдалған сусын, шарап секілді адам тұтынатын тауарлар тістің бірден-бір жауы. Дегенмен, тістің беріктігі мен тазалығына оң әсерін тигізетін азық-түліктер де аз емес. Назарларыңызға 10 пайдалы тағам түрлерін ұсынамыз.
1. Көк шай – құрамында полифенол және табиғи антиоксиданттары бар көк шай тіс қабыршақтануынан қорғап, тіс жегінің алдын алады. Фторға бай көк шай тіс эмалін де қорғайды. Сондай-ақ, бұл шай түрі ауыз қуысын жағымсыз иістен арылтады.
2. Сүт пен йогурт – бұл тағам­дардың құрамында қант аз болғандықтан, тіс жегі қаупінен сақтайды, тіс беріктігіне ықпалын тигізеді.
3. Ірімшік – кальций мен фос­фатқа толы ірімшік бактерияларды өлтіріп, тіс эмалін сақ­тайды.
4. Жеміс-жидек – алма, құл­пынай, апельсин, лимон, киви секілді жеміс түрлері С витаминіне бай келеді. Олар қызыл иектің зақымдауынан қорғап, пародонтоздың алдын алады.
5. Көкөніс – асқабақ, сәбіз, картоп, брокколи эмаль мен қызыл иектің саулығына әсер етеді.
6. Пияз – пісірілмеген, яғни ши­кі пияз антибактериалды қасиетке ие. Өз рационында пиязды жиі қолдансаңыз, тістеріңіз берік әрі ерекше таза болады.
7. Балдыркөк – одан бөлінетін сөл қызыл иекке ерекше пайдалы. Бактериялардан қорғайтын бұл тағам тістің тазалығына да пайдасы мол.
8. Күнжіт дәндері – тіс қабыршықтануының алдын алады, эмальдің сақталуына көме­гін тигізеді.
9. Ет пен жұмыртқа – кальций, витамин «D» және фосфор тістің мықты әрі дұрыс өсуіне әсер етеді.
10. Су – тіс зақымдануынан қарапайым су да қорғайды. Күн­делікті дұрыс мөлшерде ішкен су ауыз қуысын тазартып, тамақ қалдықтарын болдырмайды. Тістің саулығы тек тамақтанудың ғана емес, сондай-ақ, дұрыс күтімнің арқасында жүзеге асады.
Тіс пастасы мен щеткасынан басқа, тіс жібі мен арнайы сұйықтықтарды қолдан­ған аб­зал. Тіс жібі та­мақ қал­дық­тарынан арылтса, ауыз шай­қауға арналған сұйықтық тіс жегінен сақтап, жағымсыз иістен қорғайды.
Ауыз қуысы тазалығында тіл тазалығы да ерекше орын алады. Оны арнайы қасықпен немесе шөткімен тазалауға болады. Уақытылы өткізілетін ауыз қуысы тазалығы мен дұрыс тамақтану ережесі тісіңіздің сақтығына оң әсерін тигізеді.

El.kz

Жауап қалдыру