Тіс пастасының бізге беймәлім қолданыстары

0
244

Күнделікті өмірде барлығы­мыз қолданатын тіс пастасының көптеген пайдалы жақтары бар. Әдетте одан көп адамдар хабарсыз. Олай болса, біз ұсынған кеңестер қаперіңізде жүрсін.
– Тіс пастасы жәндіктердің шаққан, тіліп я кесіп алған жердің ісуін басады.
– Тіс пастасы күйіп қалған жерді тыныштандырады.
– Терідегі қызарған жараларды жасырып, безеулерді кетіреді.
– Тырнақты жылтыратып тазарта алады.
– Гель тіс пастасын кішкентай көлемде шашқа арналған гельдің орнына қолданса болады.
– Қолға сіңіп кеткен балық, сарымсақ, пияз иісінен арылуға көмектеседі.
– Тым қатты кірленген аяқ киімді тазартады.
– Әктелген қабырғалардан қарындаш пен фломастер іздерін кетіреді.
– Тіс пастасының көмегімен күміс әшекей бұйымдарды тазартса болады.
– Компьютер дискілерінің сырылғаннан қалған ізді кетіреді.
– Балаларға арналған шөлмектерді жаман иістен тазартады.
– Күйіп қалған таба мен қазандағы дақты тазалайды.

Жауап қалдыру