Тар аяқ киімді кеңейтудің тәсілдері

0
114

Әдетте дүкеннен сатып алған аяқ киіміміз таңдау барысында аяғымызға шақ келеді. Ал жұмысқа бара жатқан кезде аяғымызды қысып, қажап мазамыз­ды қа­шырады. Мұндай жағ­дай­да не істейміз?
Ең алдымен, аяқ киім сатып алуға байланысты бірнеше кеңес ұсынамыз:
Жаңа аяқ киімді күннің ал­ғашқы бөлігінде өлше­меңіз. Кешкі мезгіл таяп қалғанда адамның аяғы ісініп, шақ болып тұрған аяқ киім сыймай қалады. Сол себепті оны киіп көру мәселесін күннің екінші бөлігіне қалдырыңыз.
Жаңа аяқ киімнің аяққа шақ болуын қадағалаңыз. Егер қонышы тар болса, жаңа­сын сатып алуға асықпаңыз. Аяғыңыз ішінде ойнап, артынша жара пайда болады.

Туфлиді қалай кеңейтеміз?
Бірінші тәсіл. Жаңа аяқ киіміңіз қатты ұнаса да, көп­тің алдына оны киіп шы­ғуға асықпаңыз. Алды­мен бөлме ішінде жарты сағаттай жүріп көріңіз. Күнделікті 30 минут бойы осы әрекетті қайта­ласаңыз, бір апта ішінде аяқ киіміңіз кеңейеді.
Аяқты қажайды деген жерлерге пластырь жабыстырып қойыңыз. Егер туфлидің тым тар екенін сезсеңіз, кимес бұрын ішіне арақ немесе спирт жағыңыз.
Екінші тәсіл. Ішіне ыстық су құйыңыз. Бұл тәсіл тері, нубук, күдері және велюр сынды аяқ киімдерге сай келеді. Материал ыстық судың арқасында созылып, артынша аяғыңыздың формасына сәйкес күйге енеді. Таза судың да еш ізі қалмайды.
Үшінші тәсіл. Газетті сулап, туфлидің ішіне нығыздап салып, кепкенін күтіңіз. Оны батареяға немесе пештің үстіне қойып кептірудің қа­жеті жоқ. Кептіретін болса­ңыз, оңайлықпен жазылмайтын кедір-бұдыр іздер қалып қояды.
Төртінші тәсіл. Дүкеннен аяқ киімді кеңейтуге арнал­ған спрей сатып алыңыз. Мұн­дай спрейдің тек табиғи материалдарға ғана жарайтынын айтқымыз келеді.

Жауап қалдыру