Тұздың пайдасы

0
197
  • Тұз – астың дәмін келтіріп қана қоймай, көптеген тұрмыстық жағдайлар үшін таптырмас көмекші құрал екенін көбіміз біле бермейміз. Оның күнделікті үй тірлігінде қолданатын заттарды тазалаудан бастап, орындалуы қиын көрінген жұмыстарды жеңілдетуде, тіпті денсаулықты түзеуде пайдасы мол. Төмендегі ұсынылған тұзға қатысты пайдалы кеңестердің бірі болмаса бірі кәдеңізге жарап қалуы әбден мүмкін.
    Жұмыртқа жарылған жері­нен ағып кетпес үшін оны тұз­далған суда қайнатсақ бол­ғаны.
  •  Кілемнің үстіне бірнеше уыс тұзды сеуіп, кейін шаңсор­ғыш­пен тазалап алсақ, кілем әдемі таза­ланады.
  •  Жұмыртқаның ағын әдемі араластыру үшін оған кішкене майда тұз қосыңыз.
  •  Ескі шайдан қалған дақты ке­тіруге ыстық тұзды су көмек­теседі.
  •  Кесілген алма қарайып кетпес үшін оған аздап тұзды су құйса болғаны.
  •  Бір шымшым тұз сүтті ашып кетуден қорғайды.
  •  Қамыстан және сабаннан жасалған заттардағы кір құрғақ тұзбен кетеді, одан кейін олар жап жаңа болып шығады.
  •  Кесілген пиязға тұз сеуіп салып қойсаңыз жаңа кесілгендей болады.
  •  Егер сүт күйіңкіресе,онда оған аздап тұз қосыңыз да суы­тыңыз. Сүттің дәмі жақсарады.
  •  Егер нан салғышқа картоп­тың кішкене бөлшегі мен тұз са­­лып қойсаңыз, нан баяулау кө­ге­реді.
  •  Піспеген жұмыртқаның бал­ғындығы былай тексеріледі: стаканда бір ас қасық тұзды ерітіңіз, балғын жұмыртқа мұн­дай ерітіндіде стаканның түбіне түседі, бұзылғаны стакан бетінде жүзіп жүреді, ал мүлдем бұзылған жұмыртқа стаканның орта белінде жүзеді.
  •  Киімнің үтіктен күйген жерін мұздай сумен жуып, көп тұз сеуіп қою керек. 20 минуттан соң тұзды қағып тастап, киімді шайып жіберсе болғаны.
  •  Керек десеңіз киімдегі ескі тотық пен сиядан түскен дақ­тарды да лимон шырынында ерітілген тұзбен кетіруге болады. Одан кейін күн сәулесіне қою керек, бірінші реттен соң дақ бозданады, ал кейін бірнеше қолданғаннан соң түбегейлі жоқ болып кетеді.
    Шырақ көбірек жансын десеңіз, алдын ала оны тұздал­ған суға салып алыңыз.
  •  Егер жаңа шойын табада тұз қыздыратын болсаңыз, онда тамақ күймейтін болатын.
    Егер күлсалғыш тазармай жатса, онда тұз салынған шүберекпен сүртіңіз, кейін суық сумен жуып жіберіңіз.
  •  Өтпейтін пышақты кесетін жағымен тұздалған суға малып алсаңыз оны өткірлеу жеңілдеу болады.
  •  Мүсәтір спиртінде ерітілген тұз жібек матаға түскен майлы дақтарды керемет кетіреді, ал сірке судың тұзбен ерітіндісі қызыл және сары мысты тазалауда керек құрал бола алады.
  •  Бұлыңғыр күнбағыс майы мөлдір болсын десеңіз, 1 литр майға 1 шай қасық тұз салыңыз. Үш күннен кейін майды басқа ыдысқа ауыстырыңыз.
  •  Тұздың ерітіндісі жеңіл сал­қын тигенде кезде үй жағда­йындағы керемет құрал болып табылады. Тамақ ауырғанда ауызды шаю тек жазып қоймай, тамаққа салқынның әсерін азай­­тады және қақырықты шы­ғартады.
  •  Егер әрбір екі сағат сайын мұрынмен жылы тұзды суды тартатын болсақ, ауыр тұмау да кетеді.
  •  Егер бал арасы немесе жабайы ара шағып алатын болса, онда ауруды басып, шаққан жер­дің ісіп кетуінен су мен тұздың ботқа тектес қоспасы көмектеді.

Жауап қалдыру