Тәтті мен ыстық шайдың денсаулыққа зияны

0
44

Ғалымдардың мәліметінше, тәттіні көп жеу сусамыр (диабет) ауруын туғызады және өршіте түседі. Сусамыр – бұл ағзада инсиулиннің аздығынан, не белсенділігі төмендігінен туын­дайтын ауру. Инсулин деген біздің денеміздегі жасу­шалардың қантты сіңіруін қам­тамасыз ететін гормон. Глюкоза энергияның басты қайнар көзі болғандықтан, инсулин біздің ағзамыздың ең маңызды гормоны.
Сусамырдың екі түрі болады. Біріншісі – инсулинге тәуелділік, екіншісі – инсулинге тәуел­сіз. Қант суса­мыры­ның бірінші түрінің неден пайда болатындығы толық анық­талмаған. Бірақ дәрі­гер­лер ауру ген арқылы тара­тыл­ғандықтан адамды одан сақтандыру мүмкін емес­тігін айтады. Ал сусамырдың екінші түрі көбіне тәттіні көп пайдаланғаннан, май басудан пайда болады. Өйткені, тері астындағы қалың май қабаты жасушалардың инсулинге деген сезімталдығын төмендетеді. Глюкоза сіңірілмегендіктен, зат алмасу бұзылып, адамға қауіпті диагноз қойылады және оны қатаң диетаға отырғызады.
Ал, ыстық шайды ішуге бол­майтындығы жөніндегі дәрі­герлер кеңесіне ғалым­дардың өңеш обырының пайда болуын кең ауқымда зерттеулері түрткі болған. Мамандар алғаш рет Оңтүстік Америка тұрғындарының онкологиялық ауруларға шалдығуының басты себебі – осы ыстық шай болуы мүмкін деген болжам жасады. Өйткені оңтүстік елдерінің тұрғындары жоғары градустық ыстықта ыстық сусындар ішкенді ұнатады екен. Сондай-ақ 2009 жылы Иран ғалымдары елде ыстық шай ішкенді жақсы көретін бір ауылда «өңештің жалпақжасушалы обыры» деген диагнозы бар адамдар көп екенін байқап, ондағы ол сырқатпен ауырмайтын еріктілерді іріктеп алып, зерттеу жүргізеді.
Оның қорытындысы қызық бол­ғаны соншалық, еуро­па­лық бас медициналық басы­лымдардың бірі «British Medical Journal» журналы зерттеу қоры­тындысын жария етеді. Зерт­теудің нәтижесі бойынша, ыстық шай (температурасы 70°С жоғары) ішу обырдың пайда болуын 2 еседен 8 есеге дейін жоғарылататын болып шықты. Сондай-ақ, ғалымдар шайды демдегеннен кейін оның температурасы обырдың пайда болу «қауіптілік аймағынан» шығуы үшін төрт минут тұруы қажет дейді. Сондықтан өте ыстық шайдан пайда болатын өңеш обырының алдын алу үшін шайды демдеп болғаннан соң, кемінде төрт минуттай тұндырып барып ішіңіз.

Жауап қалдыру