Түймедақтың емдік қасиетін білесіз бе?

0
64

Түймедақпен көптеген ауру­ды емдеуге болады.Түймедақ гүлі өт жолына тас байлану, тұ­мау, бас ауруы сияқты сыр­қат­тарға мыңда бір ем. Ас­қазан, iшек жолдарының жұ­мысын жақсартып, өтті жүр­гізіп, тәбетті ашуға көмек­теседі.
Сонымен қатар суық тигенде 2 шәй қасық түймедақ гүлін 300 гр суға қайнатып, 4 сағат бұқтырып тұнба жасау арқылы пайдалануға болады. Тұнбаны ертелі-кеш астан бұрын iшу қажет. Ал, асқазан ауруына 2 ас қасық түймедақ гүлінiң үгітіндісін бір стақан қайнаған суға салып, бір сағат жабық ыдыста бұқтырып iшу көмектеседі.
Бел ауырғанда да осы дәрілік өсімдік шипа болады. Түймедақ гүлін ұнтақтап тұзы жоқ сарымайға араластырып белге жағу керек.
Екі ас қасық гүл үгітіндісін бір стақан қайнаған суға салып, бір сағат жабық ыдыста бұқ­тырып, көтеу ауруына қарсы пайдалануға болады. Тұнбаны пайдаланар алдында жылатып алыңыз.

Жауап қалдыру