Әскери келісім-шарт қызметіне қалай орналасуға болады?

0
210

Келісім-шарт бойынша әс­кери қызметке қабылдану үшін сізге өзіңіздің тұрғылықты же­рі­ңіздегі аудандық немесе қа­ла­лық қорғаныс істері жө­нін­де­гі бөлімге (басқармаға) бару керек. Сондай-ақ, өзіңіз қыз­мет атқарғыңыз келетін әс­кери бө­лімге де баруға болады.
Келісім-шарт қызметіне тұ­ру үшін келесі құжаттар­ды дайындау қажет: өз еркі­мен әс­ке­ри келісім-шарт қызме­ті­не тұр­ғы­сы келетіні туралы жеке өті­ніш (рапорт); жеке куә­лік­тің нотариуспен расталған кө­шір­месі; әскери билет­тің но­та­риус­пен расталған кө­шір­ме­сі; білімі туралы құжат­тың но­тариус­пен расталған кө­шір­ме­сі; неке қию туралы жә­не балаларының тууы туралы куә­лік­тер­дің нотариуспен рас­тал­ған көшірмесі; еңбек кі­тап­ша­сының нотариуспен рас­тал­ған көшірмесі; зей­нет­ақы келісім-шартының но­та­риус­пен расталған кө­шір­ме­сі; автобиография (басып шы­ға­рыл­ған және өз қо­лы­мен жа­зыл­ған); соңғы қыз­мет ор­нынан (жұмысынан, оқуы­нан) мінездеме; отбасы құ­ра­мы және тұрғылықты жері ту­ра­лы анық­та­ма; фото сурет: 9×12 өл­ше­мін­дегі 2 дана, 3х4 өл­ше­мін­де­гі 4 дана; әскери қыз­мет­ке жар ам­дылығы туралы қо­ры­тын­дысы бар медици­на­лық карта. Осыған туберку­лез­дік, те­рі-венерологиялық, психо­невро­логиялық, нарколо­гия­лық дис­пансерлерден алын­ған анық­та­ма­лар­ды, флюо­рог­рамманы не­месе рентгенограм­маны, ЭКГ нә­ти­же­лерін, зәр, қан және ВИЧ ана­ли­зінің нәтижелерін қо­са тапсырасыз. Сосын соттал­ма­ған­ды­ғы туралы анықтама.

Жауап қалдыру