Шет тілін үйренушілерге 7 ұсыныс

0
14

Қазіргі заманның тала­бына сәйкес көпшілік жас­тар шет тілін үйренуге құш­тар. Алайда олардың бар­лығы жоғары нәти­жеге қол жеткізіп жатқаны ша­ма­лы. Тіл үйрену кезін­де жіберілетін қателіктер адам­ның құлшынысын тө­мен­детіп жіберетіні бел­гілі. Сон­дық­тан 16 тіл­де еркін сөй­лейтін Като Ломбтың қыс­қа әрі нұсқа кеңестерін ұсынуды жөн көрдік.
1. Жаңа тіл үйрену үшін онымен күнде айналысу ке­рек. Әсіресе таңертеңгі уа­қытта. Егер уақыт жет­пей жатса, тіпті 10-15 мину­ты­ңызды бөліп, сол тілде бір­нәр­се оқу керек немесе өткен сөздерді қай­талаған дұрыс.
2. Сөздерді бір-бірлеп жат­тамаңыз. Мәтіндеп, яғни сөйлемдеп жаттауға тыры­сыңыз. Мысалы «strong wind». Бұл кезде бір сөзді есіңізге түсір­ген­де екінші сөз авто­мат­ты түрде ойға келеді.
3. Күн сайын көрген нәр­сеңіздің барлығын іштей аударып жүріңіз. Мысалы, көшедегі жарнамалардың мәтінін, музыканың сөзін, газет мақалаларының та­­қы­­рыптарын және та­ғы басқа. Бұл тәсіл миды жаттықтырады және жат­талған сөздер қолда­ныс таба бастайды.
4. Қолданыстағы фра­зеоло­гиялар мен сөз тір­кестерін де міндетті түр­де жазып алып, жатта­ңыз.
5. Шет тілін оқшауланып үйрену өте қиын. Тіл үйрену үшін барлық тәсіл­дерді қол­дану керек. Үй­реніп жат­қан тіліңіз­де фильм кө­ріңіз, кітап оқы­ңыз, сол тіл­дегі басы­лым­дарды, интернет ре­сурстарды оқып тұры­ңыз немесе сол тілде сөй­лейтін адамдармен тілде­сіңіз.
6. Қателіктен қорық­па­ңыз, түзетілмеген қате­ліктен қорқыңыз. Еш­нәр­сені тексерусіз қалдыр­ма­ңыз, үйренген нәрсе­ңіздің дұрыс екендігіне жақ­сылап көз жеткізіңіз.
7. Сіз бұл тілді үйреніп алатыныңызға кәміл се­ніңіз. Сонда сан сапаға ауысып, үйреніп жатқан тіліңізде белгілі бір дәре­жеге жетесіз.

Жауап қалдыру