Шаштың ұшталуын емдейтін қоспалар

0
96
Beautiful woman holding split ends of her long hair, on black background

Шаштың ұшталуы – күн сәулесінің және шаш түзулейтін, кептіретін, бұйралайтын құралдардың кері әсерінің салдары. Мұндай жағдайда амалсыз көбісі шашты қысқартуға мәжбүр. Алайда оны қолдан жасалған түрлі маскалармен емдеуге болады.
1. Қаймақ маскасы.
Бір ас қасық майлы қаймақ пен бір ас қасық зәйтүн майын араластырып, шаш жууға бір сағат қалғанда ұштарына жағып қойыңыз. Бір сағаттан соң сусабынмен жуып тастаңыз.
Жасалу жолы жеңіл әрі шашыңызды ылғалдан­дырып,ұшталуының алдын алады.

2. Жұмыртқа маскасы.
Бір сарыуыз, бір шай қасық өсімдік майы, бір шай қасық коньяк пен бір шай қасық балды араластырып, көпіршітіңіз. Бұл қоспаны шашыңызға жағыңыз. Сүлгі не полиэтиленмен орап қо­йыңыз. Масканы шашы­ңыз­да 40 минуттай ұстап, ар­тынша жылы сумен ша­­йыңыз.

3. Айран маскасы.
50 грамм айранға кішкене ашытқы қосып, аралас­тырыңыз. Айраныңыз неғұрлым майлы болса, соғұрлым пайдасы зор болады. Бұл қоспаны жылы жерге біраз уақытқа қойып, шашыңызға жағыңыз. Жарты сағаттан кейін сусабынмен жуып тастаңыз.

Жауап қалдыру