Секпілден бетіңізді тазартыңыз

0
9

Секпіл біреулер үшін әдемілік нышаны болса, біреулер үшін ол – үлкен проблема. Жаз мезгілінде көбейе түсетін бұл дақтың түрі күн астында көп жүргеннен немесе дәрумен жетіспеушілігінен пайда болады. Ал оның пайда болмауы үшін не істеуге болады?

Алдымен, тамақ ішу ра­ционыңызға сәл өзгертулер енгізіңіз. Ол үшін итмұрынның қайнатпасын, лимон қосылған сусынды ішкеніңіз жөн. Ашытқан қырыққабатпен жиі тамақтанып тұрыңыз.
– Күнде бетіңізді лимон сығындысы қосылған сумен сүртіңіз.
– Таңертең жуынып бол­ғаннан кейін әрдайым беті­ңізді бір түйір жас қияр­мен ысқылаңыз.
– Әсіресе, көктемде күннен қорғанып жүруді ұмытпаңыз. Далаға шығар алдында бетіңізге күннен қорғайтын крем жағып, көзілдірік тағуды әдетке айналдырыңыз!
– Секпілді кетіруге арналған халық емінің ішінде бақбақ гүлдерінің қайнатпасы, үгі­тілген ақжелкек, ұйыған сүт пен үгітілген бадамнан жасалған маска өте танымал.

Жауап қалдыру