Сөзіңіз – ойыңыз, ойыңыз – өміріңіз…

0
166

«Жақсы сөз – жарым ырыс», – дейді халқымыз. Ал құд­си хадистерде Алла Елшісі (с.ғ.с.) «Сөйлесеңдер тек жақ­сы сөз сөй­леңдер, әйтпесе үнде­мең­дер!», – дейді. Сөйлеген сөзі­ңіз – тағдырыңыз. Ауыздан шық­­қан сөзге абай болыңыз:
– Бізге мұндай бақыт қай­да? – дей берсеңіз, ешқашан бақыт­ты болмайсыз;
– Өмірі жарымайтын шығар­мыз, – десеңіз қайдан жарисыз;
– Ешқашан ақша жетпейді, – десеңіз, əрине жеткізе ал­май­сыз;
– Мұндай үйде тұру бізге бұ­йыр­маған, – десеңіз əрине бұйыр­майды;
– Бізге осы да болады де, –  жолыңызды кеседі;
– Аурудан көз ашпаймын, – десеңіз ашпаған күйі кетесіз;
– Бізге баю қайда, –  деу де ақымақтық;
Өз көңіл-күйіңіз бен тұрмыс-тіршілігіңізге байланысты ай­тыл­ған кертартпа сөз – ол өз тағдырыңыз. Одан да ол сөз­дерді басқаша айтып үйре­ніңіз:
– Біз бақытты болуға лайық­пыз!
– Ақшаның берекесін берсін, бəріне жетеді!
– Мұндай үй бізде де болады!
– Біз бұдан да көпке лайық­пыз!
– Бұл – ауру емес! Жəй ғана сынақ! Бұл күн де өтеді!
– Біз – баймыз!
Сөзіңіз –  ойыңыз, ойыңыз –  өмі­ріңіз, ойыңды өзгерт те өмі­ріңді өзгерт! Бəріміз бақыт­ты болуға лайықпыз!

Жауап қалдыру