Қорылдаудан құтылудың жолдары

0
372

Қорылдау – өте жағым­сыз әдет. Одан құты­лу­дың амалы бар әрі олар қарапайым. Олай болса таныса отыры­ңыз­дар.
1. Диета ұстаңыз.
Қорылдау әдетте ер адам­дар өз салмағынан 20%-ға семірсе, әйелдер 30-40% артық салмақ қос­қанда пайда болады.
2. Жастығыңызды дұ­рыс­таңыз.
Жастығыңыз қанша­лық­ты биік болса, соғұрлым қо­рыл арта түседі. Үлкен жас­тық қоры­лыңызды кү­шей­теді. Сол себепті өзі­ңізге ың­ғайлы кішігірім жас­­тықта ұйықтаңыз.
3. Бір қырыңызбен ұйықтаңыз.
Егер сізде қорыл болса, шалқалап жатпауға тыры­сыңыз. Бір қырмен ұйықтау көбіне қорылдаудың алдын алады.

jas.kz

Жауап қалдыру