Қол күтімінің құпиясы

0
33

Барлық әйел заты терісі нәзік әрі жұмсақ, қолы әдемі, тырнағы сау және күтімді болуын армандайды. Ол үшін уақытылы күтінуді ұмытпау керек. Қол күтіміне байланысты бірнеше қарапайым ереже ұсынамыз.
– Ыстық судан аулақ болыңыз. Ол теріні майсыздандырып, құрғақ әрі бұдыр етеді. Қолыңызды жылы сумен жуыңыз.
– Аязға қолғапсыз шықпаңыз.
– Ультракүлгін сәулелер қол терісін зақымдайды және құрғатады, сон­дықтан қолыңызға күннен қорғайтын крем жағу міндетті.
– Шынтақтағы тері ерекше күтімді қажет етеді. Ол қатқыл болмас үшін жылы өсімдік майынан ванна жасаңыз. Оны екі ыдысқа бөліп, 5 минутқа шынтағыңызды батырып отырыңыз. Содан соң, кеуектаспен (пемза) уқалап, крем жағып қойыңыз.
– Душ қабылдау кезінде шынтақ терісін жөкемен уқалап, душтан шыққан бойда крем жағып қойыңыз.
– Қол жууға өткір иісі бар сабын қолданбауға тырысыңыз. Жұмсақ, нәзік иісті сабын ғана қолданыңыз. Қолыңызды әрқашан балалар сабынымен жуған жөн.
– Қол жуғаннан соң құнарландырушы крем жағуды ұмытпаңыз.

Жауап қалдыру