Микротолқынды пеште қандай ыдысты қолдануға болады?

0
134
?????????????????????????????????????????

Қазірде микротолқынды пеш деген техниканың ғажа­бы әр үйдің ас бөл­месінен табылады. Пеш­тің жұмыс істеу принципіне байланысты, оған кез келген ыдыс түрін қолдана беруге болмайды. Осы ережелерді білмеу ыдыстың құртылуына, тағамның бүлінуіне не адам ағзазына зиян тигізуі мүмкін.

Фарфор
Фарфордан жасалынған кез келген ыдыс микротолқынды пеш­те қолдануға жарамды. Бас­тысы, ыдыста металл жала­тыл­ған оюлар бол­ма­уы керек. Се­бебі ме­талл микротол­қынды пеш­те ұш­қын­ның пайда болуына әке­леді.

Әйнек
Әйнектен жасалынған ыдыс мик­ротолқындарды жақ­­сы өт­кізеді екен. Алайда суға­рыл­ма­ған ыдысты абайлап қол­дан­ғаныңыз жөн, себебі пеш­те өте жоғары температуралар қолда­нылады. Ең жақсысы – суғарыл­ған әйнек ыдыс. Пеште хрусталь ыдысты қолдан­бағаныңыз жөн.

Керамика, қыш ыдыстар
Керамика және қыш ыдыстар сыртынан лакталған болған жағ­дайда микротолқынды пеште қолдануға әбден жарайды. Алайда ыдыстың жарық-сынығын тексеріп алыңыз: сынған ыдысты қол­данбаған дұрыс.
Пластмасса
Пластмассадан жасалынған ыдыс оңай деформацияланады. Сол себепті пластмасса ыдысын пешке салмас бұрын, оның түбінде 140°С-ге дейін термо­тұ­­рақты деген жазу бар еке­ніне көз жеткізіңіз.

Пергамент қағазы
Пергамент қағазы микротол­қынды пеште қолдануға әбден ке­леді. Мысалға, суы ағатын тағам­дардың астына төсеп қойса бо­ла­ды.

Микротолқынды пешке арналған фольга
Термотұрақты фольгаға тағам­ды орап жылытуға болады.

Ағаш ыдысы
Ағаш ыдыстарын микротол­қынды пеште қолданбаған жөн. Себебі уақыт өте ағаш жарылып, жарықтар пайда болуы мүмкін.

Металл ыдыс

Металдардың түр-түрінен жасалынған ыдыстарды микротолқынды пеште қолдануға болмайды. Олар толқындарды өткізбейді.

Жауап қалдыру