Мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алам десеңіз

0
193

Мемлекеттік тұрғын-үй құрылысы бағдарламасы шеңберін­де тұр­ғын үй алуға құқығы бар басымдыққа ие адамдар санатына: балалары бар (29 жасқа толмаған) жас отбасылар; мемлекет­тік қыз­мет­шілер; мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қыз­метші болып табылмайтын қызметкерлері; мемлекет­тік кәсіпорындардың қызметкерлері жатады.
Егер Сіз азаматтардың атал­ған санаттарының біріне кі­ре­тін бол­са­ңыз, құжаттарды қа­был­дау­дың басталуы туралы ха­бар­лан­ған сәттен бастап тұр­ғы­лық­ты жеріңіз бойынша Тұр­ғын үй басқармасына белгі­лен­ген үл­гі­де­гі жазбаша өті­ніш­ті жә­не мы­на­дай құжаттарды тап­сы­ры­ңыз:
1) өзіңіздің және барлық отбасы мүшелерінің жеке куә­лі­гі­нің нотариалды куә­лан­ды­рыл­ған көшірмелері;
2) осы елді-мекендегі жұ­мыс орныңыздан (еріңіздің/жұ­байыңыздың) мемлекеттік қыз­мет өтіліңіз, мемлекеттік бюд­жет қаражаты есебінен ұс­та­латын мекемедегі немесе мем­ле­кет­тік кәсіпорындағы жұмыс өті­ліңіз көрсетілген анықтама;
3) неке туралы (некені бұзу, ері­нің/жұбайының өлге­ні ту­ра­лы куә­лік) және ба­ла­ңыз­дың (бар болса) туу туралы куә­лі­гі­нің нотариалды куә­лан­ды­рыл­ған көшірмесі;
4) кадр қызметімен куәлан­ды­рыл­ған еңбек кітапшасының кө­шір­месі немесе қызметтік ті­зі­мі­нен үзінді;
5) азаматтарды тіркеу кітабы­ның (үй кітапшасы) нотариалды куә­лан­дырылған кө­шір­ме­сі не­ме­се тиісті елді-мекенде тұра­тын­дығын растайтын анық­тама;
6) жұмыс орныңыздан құ­жат­ты тапсыру айымен есептеген­де соң­ғы 12 айдағы еңбекақы­ңыз туралы анықтама;
7) жеке шотыңыз бойынша құ­жат­ты тапсыру айының ал­дын­да­ғы соңғы 12 айдағы ақ­ша­ңыз­дың қозғалысы туралы анық­тама (мүшелері мем­ле­кет­тік органдардың, мемлекет­тік бюджет қаражаты есебі­нен ұс­та­латын мекемелердің немесе мем­ле­кет­тік кәсіпорындар­дың қыз­мет­керлері болып та­был­май­тын жас отбасылар үшін);
8) жүктілігі туралы анықтама (қа­жет болған жағдайда);
9) мүгедектігі туралы анық­тама (қажет болған жағдайда);
10) сот атқарушы орган­да­ры­ның алдында және банк­тік займдар бойынша мін­дет­темелер болған жағдайда займ шарты және (немесе) сот ше­ші­мі­нің көшірмелері ұсы­ны­ла­ды.

Жауап қалдыру