Мақсаттың жүзеге асуы көңілге қуаныш сыйлайды

0
105

Адамдардың басым көп­шілігі алдарына ешқандай мақ­сат қоймай, күнделікті күй­бең тір­ліктің әуенімен өмір­лерін өткізеді. Рас, адам­дарда мүл­дем мақсат болмайды деген сөз емес бұл. «Шіркін, үлкен үйім, қымбат автокөлігім болса, ақшасы көп жұмыс тапсам» де­ген сияқты нақты жоспарға құ­рыл­маған, бұлыңғыр ар­манға ұқсас мақсат дегендер болады. Бірақ ол нақты жоспар мен соған жеткізетін әрекет арқылы бекітілмегендіктен, оны мақсат деуге келмейді.

Мақсатты қағазға жазу керек
Өзін-өзі дамыту ілімінің біл­гірі Брайан Трейси мақ­сат­қа жетудің тәсілі ретінде қойындәптерге алдыңа қой­­ған 10 мақсатты тізіп жа­зуды ұсынады. «Алды­мен сол он мақсаттың ішін­де материалдық игілік қана емес, көңілге қанағат, қуа­ныш сезімін әкелетін біреуін таң­дап алып, бар назар­ды соған аудару қажет. Міне, осы­лайша, ең негізгі басым­дық берілген мақсатқа күш-қуатыңды жұмсап, нақты әрекеттер арқылы күн сайын жақындай беру керек. Осылайша, күндердің күнінде әлгі мақсатқа міндетті түрде жетесің» – дейді Трейси.
Мақсатты қағазға жазу арқылы сіз оны санаңызға сі­ңіресіз. Ал жазылған мақса­тыңызды күн сайын қайталап оқып отыру, түйсігіңізге оны терең сіңіріп, түйсік арқылы мақсатқа жетудің амал-тә­сілдерін қарастыратын боласыз.

Мақсатқа жету қуанышқа бөлейді
Ойыңызға алған мақса­ты­ңызға күндердің күнінде көп қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, жеткен кезіңізде сіз өзіңізді ерекше бақытты сезініп, қуанышқа бөленесіз. Бұны бастарын қатерге байлап, биік шыңды көп бейнетпен бағындырған альпинистің әрекетімен салыстыруға болады. «Сонша қиындыққа бас­тарын тігіп, шыңға шығу не береді» деген сауалға альпи­нистердің жалғыз жауабы: «шың басына шық­қан соң айналаға қарап, өзің­нің ойыңа алған биігіңе жеткеніңді сезінуден артық бақыт жоқ дүниеде».
Сіз ойыңызға алған мақ­сатыңызға жеткенде ол сізге тек игілік қана емес, көңіл қуанышын әкелетінін ескеріп, сол мақсатқа жетуге күш-жігеріңізді жұмылдырар бол­саңыз, міндетті түрде оған жетесіз. Және мақсат жолында кездескен әр қиындық пен кедергіні жеңу, мақсатыңыздың орындалу бағытында жа­салған әрбір қадам сізге үл­кен қанағат сезімін әкелетін бо­лады. Ал мақсатыңыз толық орындалған кездегі қуа­нышыңыз сізді көкке кө­теріп, ең бақытты адамдар қатарына қоспақ.
Трейси айтады: алғашқы масқатқа жетумен тоқталуға болмайды, одан кейін қағазға түсірген екінші, үшінші мақсат­тарды орындауға кіріскен жөн. Өйткені, өмір дегеніміздің өзі тынымсыз қозғалыс, егер сіз алға жылжымасаңыз, он­да кері кетесіз. Сондықтан тоқ­таусыз үнемі алға басу қажет.
Түйін: Егер сіздің мақ­сатыңыз болмаса, өмір ағы­нымен күнделікті тірліктің әуе­німен өмір кешіп жүрген бол­саңыз, әлі де кеш емес, Трей­­сидің тәсілін қол­данып, алдыңызға қойған он мақсатты қағаз­ға тү­сі­ріп, содан кейін көңі­ліңіз қа­лайтын біреуін таңдап алып, соған жетуге құл­шы­ныңыз. Бұл сіздің өміріңізді мағыналы етіп, биіктерге бастайды. Және көңіліңізге қанағат, қуаныш сезімін әкеледі.

akikat01.com

Жауап қалдыру