Лимонның шипасы

0
41

Лимонның адам денсаулығына пайдалы қасиеттері баршылық. Ондағы дәрумендер мен пайдалы қоспалардың молдығы сонша, оны «әмбебап» жеміс деуге де келеді. Тамақ ауырғанда, іш өткенде, тіпті гепатитке лимонның пайдасы молынан болмақ.
Тамақ ауруы (ангина)
Тамақ қатты ауырғанда бір лимонның жартысын қабығымен жеңіз. Ащы болғанымен, өте пайдалы. Сонымен қатар, лимон шырынымен тамақты шаюға болады. Оны сумен араластырып, бір күн бойы әр сағат сайын жеңіл шайып отырасыз.
Бронхит
Егер бронхитке ұшырасаңыз тазаланған ақжелкектің 50 грамын 2-3 лимонның шырынымен араластырасыз. Сосын шәй қасықпен күніне төрт рет қабылдап отырасыз. Соны­мен қатар, са­рым­­сақ пен ли­мон қоспасы да асқынған брон­хит­­­тің алдын алады. Ол үшін 5 лимон­ды қабығы­мен және 4 бү­тін сарымсақты майдалап, араластырасыз. Содан кейін, бір литр су қосыңыз. Сосын қараңғы жерде бес күн сақталуы тиіс. Дайын болған дүниені күніне 3 рет тамақтанудан 20 минут бұрын қабылдау керек.
Тұмау
Шәйға дәрілік шөптермен қоса лимонды да салып ішіңіз. Алдымен суға қырмызы, жалбыз, шәлім мен жолжелкендерді салып қайнату керек. Осындай әмбебап қоспа ағзадағы кальцийдің мөлшерін теңгереді. Ал кальций дене температурасының төмендеуіне таптырмас ем болады.
Гипертония
Артериалды қан қысымы төмендеген кезде 5-6 лимонды еттурағыштан өткізіңіз. Дайын болған лимонды пю­реге бадан жапы­рағының турал­ғанын салыңыз. Сосын оны қай­наған суға қосып, 36 сағат мұздат­қышта сақтаңыз. Ал содан кейін жарты килограмм бал араластырыңыз. Барлығын жақсылап араластырғаннан кейін тағы 25 сағатқа мұздатқышқа қоясыз. Сосын күнде үш мезгіл тамақтан 30 минут бұрын қабылдаңыз. Жазылу мерзімі – үш апта.

vk.com/pkenes

Жауап қалдыру