Құлақ ауруынан оңай айығыңыз

0
540

Құлық табиғи антисептиктің қызметін атқарады. Есінеу, тамақ шайнау кезінде құлық арқылы құлақ бөліктеріндегі өлі эпителий ұлпасы сыртқа шығады. Ал құлықтың шамадан тыс жиналуы салдарынан құлақтың есту қабілеті төмендейді, құлақ ауруы, бас ауруы, тіпті бас айналуы да мүмкін. Сондықтан құлақты уақытылы тазалап тұру керек.
Ал құлақ ауруынан оңай арылу үшін төмендегі емді жасауға болады.
Бірдей мөлшерде алма сіркесуы мен спиртті араластырып, ауырған құлаққа 3 тамшы тамызыңыз. Құлақтың сырғалығын ақырын қозғап, дәрінің құлақ қабырғаларына толықтай жетуіне жағдай жасаңыз. 1 минуттан кейін дәрі тамызған құлағыңыз жаққа сәл қисайсаңыз, құлық ағып шығады.
Сіркесуы құлақ бөліктерінде жиналған құлықты тазартып, сондай-ақ бактерияларды жояды. Ал спирт құрғатады. Десе де, құлақ ауыра қалса, міндетті түрде құлақ дәрігеріне жүгіну қажеттігін ұмытпаңыз.

Интернеттен

Жауап қалдыру