Кептірілген жемістердің пайдалары

0
155
Mix of dried fruits and almonds - symbols of judaic holiday Tu Bishvat.

Саламатты, саулықты өмір сүру салтының символы ретінде Кептірілген жемістер де көп ауруларға тосқауыл болып табылады. Әсіресе дәрумендердің тапшы болатын көктем айларында бұл азық түрлерінің орны ерекше. Денсаулыққа пайдалы жұмсақ етінің құнарлығы кептірілген жемістерде көбірек екендігін мәлімдеген маман­дар бұл азық түрлерінің міндетті түрде күн­делікті ас мәзіріне қосылуы керектігін мәлімдеуде.
Қатерлі ісіктен бастап, қан қысымы, қан аздығы, көз ауруларына дейін жақсы әсер ететін құрғақ жеміс­тер­дің қысқаша пайда­ларын келтірсек:
Кептірілген өрік (курага): Ас қорыту жүйесіне пайда­лы. Стрестің және қан азды­ғының алдын алады. Құрамындағы А дәрумені терідегі ақаулардың еміне оң әсерін береді. Күніне 5 дана Кептірілген өрік жеу құрамындағы калий арқылы жүрек бұлшық еттері мен нервтерінің жетілуінде ма­ңызы зор.
Кептірілген жүзім: Энер­гия көзі. Қақырық түсір­гіш қасиетіне байланысты тыныс жолдары ауруларына қарсы пайдалы. Күніне 10 данасын жеу арқылы қан қысымының төмендеуіне әсері бар. Суықтауға қарсы да иммунитетті күшейтеді.
Кептірілген алма: Ты­ныс тарылуы, астма, жү­рек мазасыздығына қар­сы жақсы әсер етеді. Құ­рамын­дағы талшықты ерек­­шелігімен ішектерді та­залайды. Көзді шарша­татын іскерлерге күніне бір уыс Кептірілген алма жеу пай­далы.
Кептірілген құрма: Ан­тиок­сидант қасиетімен им­мунитет жүйесін күшейтеді, қатерлі ісікке қарсы қорған ретінде әсерлі. Тері әсемдігі мен саулығы тұрғысынан пайдалы. Асқорыту қиын­дығы барларға жақсы әсер етеді. В1, В2 дәрумен­дері арқылы жүйке жүйесіне қорған. Ми функцияларын реттейді.
Кептірілген қара өрік: Мол мөлшерде В1, В2, В3, В6, А, С және Е дәрумендерін қамтиды. Қатерлі ісікке және қартаюға қарсы қорғаушы әсері бар. Құрамындағы калий және магний арқылы бауыр, жүрек, бүйрек және ревматизм ауруларына қарсы пайдалы.
Кептірілген інжір: Тал­шық мөлшері өте жоғары болғандықтан салмақ тас­тауда пайдалы. Амин­қыш­қылдар тұрғысынан қанық. Осы арқылы жасуша қалып­тасуында, дененің жаңа­ла­нуында белсенді рөлі бар.

www.ZHARAR.com

 

Жауап қалдыру