Карнеги айтқан кеңестер

0
154

Америкалық жазушы, көрнекті психолог Дейл Карнегидің ғасырға жуық уақыт бұрын жазылған кітаптары әлі күнге үлкен сұранысқа ие. Көпке белгісіз адамдармен тілтабысқыштық, достаса білу, адамдарды өз пікіріне көндіре білудің құпиясын ашқан жазушы ұсынған бірнеше ережелермен оқырман қауым – сіздер де таныса отырыңызыздар.

Адамдарға ұнаудың 6 амалы
1. Сөйлесіп отырған адам­дарға шынайы ықыласпен қызы­ғушылық танытыңыз.
2. Үнемі жымиып жүріңіз.
3. Адамдардың есімін ұмытпау, оларды өз атымен атау ең үлкен мақтаумен бірдей.
4. Адамдар өздері туралы айтып жатқанда мұқият тыңдаңыз. Орынды мақтау да артық етпейді.
5. Әңгімелесушіңізбен оны қызық­тыратын тақырыпта сөй­ле­сіңіз.
6. Сөйлесушіңіздің тұлғалық қасиетін биік бағалаңыз әрі ол шынайы болсын.

Адамды ренжітпестен айтқа­ныңа көндірудің 9 ережесі
1. Сөз басы әңгімелесушіні шынайы мақтаудан, оның артықшылықтарын мойындаудан басталған жөн.
2. Қателіктерді тура айт­пай, жанамалап жеткізіңіз.
3. Алдымен өз қателіктеріңіз туралы айтып, содан кейін барып әңгімелесушіңіздің әрекеттерін сынаңыз.
4. Әңгімелесушіге бұйыра сөйлей көрмеңіз. Дұрысы сұраулы үн қатыңыз.
5. Адамдарға өз абыройын қорғап қалуға мүмкіндік беріңіз.
6. Мақтауға сараң болмаңыз. Адамдарға әр жетістік үшін жылы сөз айтып, көтермелеп отырған маңызды.
7. Әрдайым адамды беделді етіп көрсетіңіз. Сол арқылы сіз оған талпыныс сыйлайсыз.
8. Адамдарға жасаған қателік­терінің еш сөкеттігі жоқ екендігін сездіру арқылы, оған сенім білдіріп, оның тез түзетілуіне қол жеткізуге болады.
9. Сіз ұсынған жұмысты адамдардың шын ықыласпен жасағаны маңызды.

Жауап қалдыру