Күніне 3 құрма жеудің пайдасы

0
57

Бірқатар халықтар үшін құрма қасиетті тағам болып саналады. Бұл жемістің екі-үш данасының өзі ағзаға өте пайдалы. Күніне 3 құрма жеп қана ағзаны қажетті микроэлементтермен қамтамасыз етуге болады.
Дәрігерлер, тіпті, тәтті әрі зиянды кәмпиттерді құрмамен алмастыруға кеңес береді. Сонымен, құрма несімен пайдалы?
Қалыпты жүрек жұмысы
Құрма құрамында калий мөлшері өте көп. Ол жүректің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде жүрек аурулары мен талмасының алдын алады.

Сау бауыр
Құрмалар бауырды токсиндерден та­­за­лауға көмек­теседі. Сондай-ақ, цирроздың пайда болу қатерін төмендетеді. Бауыр фиброзы симп­томдарын же­ңілдетеді.

Көру қабілеті жақсарады
Құрмалар көз жанарының көру қабілетін жақсартуға қабілетті (тіпті сәбізден де пайдалы). Себебі, құра­мын­да А дәруменінің мөл­шері көп.

Сергектік
Егер өзіңізді сергек әрі қуатты сезінгіңіз келсе құрма жеп тұрыңыз. Бар болғаны 3 құрма жесеңіз бір күнге жетерлік энергия аласыз.

Ас қорыту
Құрма – бұл асқазан функциясы бұзылған кезде ас қорытуға таптырмас өнім. Оны асқазан-ішек жолының аурулары, тіпті, асқазан обырының (рак) профилактикасы үшін пайдалану қажет.

Афродизиак
Араб әйелдері көп ғасырлар бойы афро­ди­зиак ре­тін­де құрманы қолда­на­ды. Жемісін ұнтақтап, ерлер­дің кофесіне қосады. Бұл өнім­нің құрамында құмар­лықты, жы­ныс­тық қабілетті арт­тыра­тын түрлі амин қыш­қыл­­дары бар.

Шаш пен терінің әдемілігі
Шаш сынғыш болса, тері құрғаса, әжім ерте пайда болса құрма жеу қажет. Оны косметикалық маскалар құрамына қосуға болады.

islam.kz

Жауап қалдыру