Көк шайдың пайдасы қандай?

0
71

Көк шайдың денсаулыққа пайдасын жапондықтар мен қытайлықтар бірнеше жыл бұрын білген. Жұпар иісті сусын ағзамызға, сымбатымызға қаншалықты пайдалы?
Мықты антиоксидант
Құрамындағы EGCG атты мық­ты антиоксидант онколо­гия­лық аурулардың алдын ала­ды.
Артық салмақтан
арыл­та­ды
Көк шайды жиі ішіп тұр­саңыз, ағзаның ас қорыту қызметі жақсарады. Сондай-ақ іштегі майды кетіретін қасиеті тағы бар. Құрамында ақуыз мол болғандықтан, өте тойымды сусын саналады.
Өмірді ұзартады
Жүрек-тамыр ауруларының алдын алғыңыз келсе, көк шай ішіңіз. Сонымен қатар ол бүйректі сыртқы факторлардың әсерінен қорғайды.
Холестерин деңгейін төмендетеді
Көк шай ағзадағы «жаман» холестеринді азайтып, «жақсы­сын» арттырады. Зерттеу нәтижесіне сүйенетін болсақ, күнде көк шай ішетін адамдардың ағзасындағы холестерин құрамы әлдеқайда аз болады.
Теріге күтім жасайды
Көк шай теріні жақсы ылғал­дандырып, жаңартады. Құра­мында катехин мол болғандықтан, терінің ескіруіне жол бермейді. Ал полифенолдары теріні созылғыш етіп, ультрафиолет сәулелерінен қорғайды.
Тіске күтім жасайды
Тісіңіз жиі ауыратын болса, көк шайды жиірек ішуіңіз керек. Ол қызыл иектің ісінуін басып, тістің бұзылуына жол бермейді. Сондай-ақ кариестің алдын алады.
Есте сақтау қабілетті жақсартады
Көк шай есте сақтау қабілетін жақсартып, зеректікті арттырады. Ол құрамындағы полифенол мен катехиннің арқасында болатын нәтиже. Себебі олар ми жасушаларының бұзылуына әсер ететін бос радикалдарға төтеп бере алатын мықты антиоксиданттар болып келеді.

Жауап қалдыру