Күйзелістен көмектесетін тағамдар

0
202

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлем бойынша жүрек ауруынан кейінгі екінші орында депрессия тұр. Мамандар жүйкенің сыр беруіне тағамдар да әсер ететінін айтады. Олардың айтуынша мұндай күйде тәтті, ащы және қуырылған тағамдарды пайдаланбаған жөн. Сонымен қатар алкогольді сусындардан да аулақ болған дұрыс. Ал пайдалы тағамдар төменде ұсынылған.
Цитрустік жемістер. Цитрустік жемістердің құра­мында С дәрумені көп. Ал С дәрумені көңіліңіздің көтеріңкі жүруіне әсер етеді. Мысалы: балмұрын, қарақат, қаражидек, киви.
Сүтті тағамдар. Дәрі­гер­лердің айтуынша, сүтті тағамдардың құрамында табиғи тыныштандыратын кальцийлер көптеп кездеседі екен. Сүтті тағамдар күйзелістің алдын алуға пайдалы.
Қара шай. Қара шайдың құрамына кіретін тианин амин­қышқылы иммунды жүйеңізді жақсартады. Сабырлы болуға көмектесіп, көңіл-күйіңізді көтереді.
Балық және теңіз өнімдері. Бұлардың құра­мында уайым-қайғыдан құт­қаратын В6 және В12 дәру­мені бар. Сонымен қатар оларда теңіз өнімдері – селен мен мырыш мол кездеседі.
Дәнек. Дәнектің құра­мындағы мырыш, Е дәрумені күйзеліс салдарынан пайда болатын бос радикалдармен күреседі. Ал В2 дәрумені мен магний серотонин синтезі кезінде қатысады.
Банан. Банан керемет антистрес­тік жеміс. Депрессияға көп түсетін адамдарға пайдалы. Өйткені оның құрамында В тобындағы дәрумендер өте көп.

baq.kz

Жауап қалдыру