Күйіп қалғанда не істеу керек?

0
31

Қатер айтып келмейді, ал абайсыз­да болған жағдайға қалай төтеп береміз? Әсіресе, оттан, судан келген қауіп-қатер ең қорқыныштысы болса керек. Сақтансаң – сақтайды, алайда, осы сынды оқиғаларға кез болғанда не істеу қажеттігін білген артық етпейді.
Алдымен қаншалықты ашыса да күйген жерді суық суда ұстап, тазалап алу қажет.
Кейін жара орнына тұз немесе бал мен шикі жұмыртқаның ағын жағуға болады. Егер жара қабынып, ауырғаны сезілсе, алмұртты таңып қойыңыз. Тіс пастасының да осындайда пайдасы бар. Ол терінің қабынуының алдын алады, ісуден де сақтайды. Пастаны күйіп қалған орында ісіну белгілері біліне бастаса, пайдаланыңыз. Оны күйген теріге жағып, шамалы уақыттан соң жуып тастасыңыз болғаны, бірден шипасын береді.
Сондай-ақ, тері қатты күйіп, зақымданған болса, сол сәтте спиртке салғаныңыз дұрыс. Яғни, мақтаны спиртке малып, күйген орында сүртіп отыру амалдары жиі жасалуы тиіс. Егер, майға немесе суға күйіп қалсаңыз, сұйық майдың өзі ем.
Ал ауру асқынып, дерт айықпаса дәрігерге қаралғаныңыз жөн. Өйт­кені денсаулық сіз бен біздің бас­ты байлығымыз.
anabol.kz

Жауап қалдыру