Үйде тірлік біткен бе?..

0
87

Түрлі себеппен жұмыс істемей, үй шаруасында отыратын әйелдер қоғамымызда аз емес. «Жұмыс істеудің қажеті жоқ, одан да үйде ұйқыны қандырып, сүйікті іспен айналысқан артық емес пе?!» деп ойлайтын ерлер де бар. Осы ретте әйелдер үйде істейтін жұмыстың көлемін біле жүріңіздер.
Бір жылда үй шаруасындағы әйел жуатын ыдыс-аяқ салмағы – 5 тонна.
Үстелден ыдыс жуатын ра­ко­винаға дейін жыл сайын қа­ра­пайым әйел 1500 километр өте­ді екен (кішкентай ас үйде болса да).
4 адамнан тұратын отбасы­ның анасы жыл сайын 18 мың рет қасық, 13 мың рет тәрелке, 8 мың рет шыны жуады екен. Тағы таба, кәстрөлдер бар.
Үй шаруасындағы әйел­дің күнделікті үй жинау, та­мақ әзірлеуге кететін күші футбо­листің қатары­нан екі матчқа кеткен күші­мен не 80 шақы­рым жүріп өткен велоси­педистің шар­ша­ғандығымен тең екен.
Статистика бойынша үй ша­руа­­сындағы әйелдер жұмыс жасап жүрген әйелдерден ар­тық стресс (50%/48%), қор­қы­ныш (41%/34%), депрессия (28%/17%), қай­ғы (26%/16%), ашу (19%/14%) сезінеді екен.

(Интернеттен).

Жауап қалдыру