Ішек тазалаудың әдістері

0
37

Денсаулықтың мықтылығы – ертеңгі күн кепілі. Сондықтан денсаулық сақтаудың әдістерін қолданып, үнемі күтім жасау маңызды.
1. Айран мен қарақұмық ұны
Қанның құрамындағы қант мөлшерін азайту, ішек пен қан тамырларын тазарту, зат алмасу үде­рісі мен ұйқы безінің қыз­метін қалыпқа келтіруге ай­ран мен қарақұмық ұны­нан жасалған қоспа көмек­теседі.

2. Сұлы киселі
Сұлу киселі көптеген сырқат­тың бетін қай­тарады. Жасұнықтың (клет­чатка) көп мөлшерлі болуы­ның арқасында ішек­ті тазарту, асқазан ауру­ларын емдеу, артық салмақтан құтылу мен бүйрек ауруын емдейтін қасиеті бар.

3. Күріш
Диеталардың ішінен кү­ріш дие­тасы қолжетімді әрі нәти­желі болып есеп­теледі. Күріш буындарды, ішекті және басқа да дененің ішкі мүшелерін металдар мен шлактардан тазартады.

4. Күріш киселі
Күріш киселі мен қара­құмық ұнынан жасал­ған қоспа буындарды, асқазанды тазартуға және артық салмақтан арылуға көмегін тигізеді.
5. Қарақұмық
Ағзаны тазартуда қарақұмықтың пайдасы мол екені бәрімізге мәлім. Алайда егер ағзада шлак өте көп болса, мұндай ем асқазан мен ішектің ауруына соқтыруы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Егер аурудың алғашқы белгілерін сезсеңіз бірден асбұршақ пен сұлы қауызымен емделуге ауысқаныңыз жөн.

6. Белсендірілген кө­мір.
Кез келген үйде бар бұл дәрінің көмегі мол. Белсендірілген көмір іштің кебуі, диспепсия, жүрек айнуын емдейді. Ағзаға түскен улы заттарды өзіне сіңіріп алатын да қасиеті бар.
vk.com/paida_kz

Жауап қалдыру