Газдалған сусындардың зияны

0
21

Адамдарға өздері жиі қолданатын фаст-фуд тағамдарынан кейін газдалған, боялған сусындар да өте зиянды. Әлемдегі ең танымал сусын «Coca Cola»-ны бәріміз білеміз. Бұл бір ғасырдан артық тарихы бар сусынды ғалымдардың айтуынша ТМД елдерінде әрбір төртінші адам тұтынады. «Coca Cola»-ның 100 грамында 9 г қант болады. Коланы ішкен адам салмақ қоспайды», – деп Гарвардтың ғалымдары сенімді түрде пайымдайды. Бірақ 2008 жылы жүргізілген зерттеулердің қорытындысы газдалған, тәтті сусындарды жиі тұтыну асқазан жарасын, гастрит туғызатынын айқындады.
Бұл сусындардың адам ағзасына төндіретін екінші қаупі – кофеиннің көптігі. Көбінесе үлкен адамдардың балаларға «кофе ішпе» деп жататынын жиі естиміз. Алайда газдалған сусындардың құрамындағы кофеин кофедегі кофеиннен 74 мг-ға артық.
Кофеиннің пайдасы көп екендігі сөзсіз. Атап айтсақ миға, жүрекке, жүйке жүйесіне оң әсерін тигізеді. Сонымен қатар кофеин медицинада қолданылады. Ол бас пен жүректің көптеген ауруларына, суық тигенге қарсы дәрілердің құрамында болады.
Адам ағзасына тәулігіне құрамында 1 грамға дейін кофеині бар сусын ішуге болады. Алайда үлесі тым көбейіп кетсе, ол кері әсерін тигізеді. Егерде кофеин мөлшерінен тыс тұтынылса мидриаз, гиперемия, атаксия, тахикардия және т.б ауруларға ұшыратуы мүмкін. Және құрамында кофеині көп сусындарды тұтынған жағдайда терінің құрғауы, температураның көтерілуі, қан қысымының жоғарылауы сияқты белгілер байқалады. Сонымен қоса психикалық ауруларға шалдықтыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда психикасы тұрақты адамдар психозға, ал психикасы тұрақсыз адамдар шизофрениямен жалғасып кететін дертке ұрынуы мүмкін. Көбіне галлюцинациялар елестеп, түрлі ауытқу­шы­лықтар пайда болуы да ғажап емес. Медицинада кофеинге тәуелді адам­дарға байланысты «кофемания» деп аталатын термин бар.
Жалпы кофеин дегеніміз не? Ол ксантиндер тұқымдасына жататын есірткі түрі. Кез келген бәңгі сияқты газдалған сусындарды бір рет ішкен адам тоқтай алмай, қайта-қайта ішкісі келіп тұрады. Содан «Coca Cola»-ға немесе тағы басқа сондай сусындарға тәуелділік пайда болады. Ал егерде тұтынатын сусынның құрамындағы кофеин 1 грамнан артса, ол денсаулық үшін зиянды әрі қауіпті. Бұл 750 мл кола немесе 70 стақан кофе. Яғни 0.5 литр «Coca Cola» 53 стақан кофеге тең.
Сонымен қатар «Coca Cola»-ның құрамында ор­тофосфорлық қышқыл болады. Ортофосфор қыш­қылы небәрі 4 күнде адам­ның тырнақтарын түгелдей ерітіп жібереді. Бұған АҚШ-тың кейбір штаттарында «Coca Cola»-ны МАИ қызметкерлері қайғылы жол апатынан кейін қанды кетіру үшін қолданатыны дәлел бола алады.
Бұл зиянды сусындар әлемнің 200 мемлекетінде сатылады. Әлемде «Coca Cola» тек Куба мен Солтүстік Кореяда ғана сатылмайды екен. Дүниежүзінде күніне газдалған сусындардың 162 млн литрі тұтынылады. Статистикаға сенсек ғалам­шардағы адамдардың 94%-ы газдалған сусындарды ішеді. Жылына газдалған сусындардың 5 млрд порциясы шығарылады. 2016 жылғы көрсеткіштерге сүйенсек, әлемде әр адам төрт күнде бір рет газдалған сусындарды тұтынады екен. Үндістанда жан басына шаққанда жылына 11 порция, ал Мексикада 675, АҚШ-та 400 порция тұтынылады екен.

Жанерке МАРАТ

Жауап қалдыру