Фаст-фудтың зияны

0
73

Қазіргі таңда дұрыс тамақ­тану мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі басты проблемалардың бірі. Дұрыс тамақтанбаудың, уа­қыт тапшылығын сылтаура­тып жылдам әзірленетін фаст-фуд тағамдарға құмар болу адамдар ағзасына орасан зиян келтіруде. Фаст-фуд тағамдарына құмарлық сал­дарынан адам диабет, жүрек ауруына жиірек шал­дығады. АҚШ-тың Ұлттық ден­саулық институты жүргізген тәжірибенің нәтижелеріне қа­ра­ғанда фаст-фуд тағам­дарын жейтін адамдар жемейтіндерге қарағанда (орташа есеппен) 5 келі ауыр келетіндігі анықталған. Мысалы әлемдегі танымал фаст-фуд түрі – тауықтың қанаттары заманауи тілмен айтқанда наггетсінің қуаттылығы 470 ккал (килокалорий), ал бір келі осындай фаст-фудтың құрамында 33 г май, 950 мг натрий болады.
Медицина қызметкерлерінің зерттеуінше бұл тамақтардың құрамында омега-3 және т.б адам ағзасына қажетті мик­­ро­элементтер мен анти­окси­данттардың болмауы тек адамның дене бітімі мен био­логиялық денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, сонымен қатар психикалық жағдайына да кері әсерін тигізеді.
Адам ағзасына тағамның қуаттылығы қажет екені сөзсіз. Бірақ ол тиісті мөлшерінен көп болса, пайда әкелудің орнына керісінше зиян тигізуі әбден ықтимал. Ағзаға күнделікті қуаттылығы 400 ккал (килокалорий) тамақ жеу қажет. Бұл көрсеткіш пен бургердің тағамдық құндылығын салыс­тыратын болсақ, бургердің құрамындағы ккал күнделікті нормадан екі есе артық. Яғни адам денсаулығына қа­уіпті. Атап айтсақ фаст-фуд тағамдары бауырды, жүрек пен қан тамырларының жұмы­сын тежейді. Сонымен қатар мидың жұмысын нашарлатады.
Халықаралық денсаулық сақт­ау ұйымының пікі­рінше адам ағзасына транс­май­лар­дың қауіпсіз мөл­шері 1 пайыз­дан аспауы керек. Бірақ та бар­лығымызға белгілі кәдімгі картоп фриінің бір порциясында трансмайлар 30-40%-ды құрайды. Оның себебі фаст-фуд тағамдарын жасау үстінде гидрогенизацияланған майлардың (маргарин) қолда­нылуы. Құрамында трансмайлар бар кез келген тағам денсаулыққа зиян, сонымен қатар қауіпті. Себебі трансмайлар адам ағзасындағы түрлі биохимиялық процестердің жұмысын тежейді және ағза­дағы улы, концерогенді заттарды залалсыздандыратын басты фермент – цитохром оксидазының жұмысын нашарлатады.
Бұдан басқа да зиянын айтатын болсақ, үнемі тек фаст-фудты қолданатын адам­­дарда дене массасының ұл­ға­юына қарамастан керекті дәрумендер мен минералдар жетіспей қалып жатады. British Medical Journal-дың 14 жыл бойы жүргізген зерттеу жұ­мыстарының нәтижесіне қа­рағанда құрамындағы жаңа айтып өткен трансмайлар нормасынан асатын тамақтарды тұтынған және дәрумендер мен керекті заттар ағзасына же­тіспеген адамдардың арасында жүрек ауруларына, инфарктқа шалдығатындар жиі кездеседі. Ал фаст-фудты мүл­дем тұтынбайтын адам­дарға қарағанда фаст-фудқа үйірсек адамдардың арасында обыр дертіне шалдыққандар 40%-ға жиі.
Сондықтан фаст-фудты әр­түрлі микроэлементтер мен дәру­­мендерге бай жеміс-жидектер мен көкөністерге ал­мас­тырсақ ағзамызға да, қалтамызға да пайдалы болар еді.
Жанерке МАРАТ.

Жауап қалдыру