Ең пайдалы азықтар

0
109

«Форбс» журналы ден­саулық айдарымен жария­ланатын беттерінде Джонни Боуденнің кітабынан алынған әлемдегі ең пайдалы азықтарды жариялады.
Пияз-сарымсақ – асқазан, простат, өңеш қатерлі ісігіне (рак) қарсы қорғайды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Бұршақ – салмақты реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді. Ішек қатерлі ісігі және жүрек ауруларынан сақтайды.
Балық – қартаюға қарсы ең жақсы азық. Арқан балығы (лосось), сардина, скрумбия балықтарының құрамындағы Омега-3 миды және жүректі қорғайды. Cіңір тізімін реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.
Сүт – витамин, минерал және пайдалы бактерияларға өте бай. Қатерлі ісікке қарсы күресетін CLA қышқылына да бай.
Жаңғақтарды аптасына 5 рет жеу, ұстамалы жүрек ауруы және жүрек ауруларының қауіпін 30-50 пайызға арасында азайтады. Бір күнде 25 грам бадам (миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орман жаңғағын жеу жеткілікті.
Қызыл ет. Жайлауда жайылған малдың еті, яғни өңдеуден өтпеген қызыл еттер, омега-3 витаминіне бай. Қалыпты мөлшерде қолданылғанда қатерлі ісіктен қорғайды. Ақуыз (протеин) және B12 витаминнің қайнар көзі.
Жұмыртқа – ең зиянсыз ас. Ақуызға бай бірақ каллория­сы төмен. Миды қорғайды және көз саулығын күшейтеді.
Брокколи – барлық қатерлі ісіктердің қауіпін азайтады. Минерал және витамин қоры өте жоғары. Денені токсиндерден тазалайды. Асқабақ, қырыққабат (капуста) қатерлі ісік қауіпін азайтады.
Алма – өкпенің қатерлі ісігі, астма және қант диабетіне қарсы пайдалы. Құрамында сүйекті қуаттандыратын K витамині бар.
Анар – антиоксиданттарға бай. Қан қысымын реттейді, тамырларды қорғайды және ісіктердің үлкеюіне тосқауыл болады.
Көк шәй – қуықтың, ішектердің, тыныс жолы, ұйқы безінің, тік ішектің және асқазанның қатерлі ісікке шалдығу қауіптерін азайтады. Салмақ реттелуін оңайлатады.
Қаражидек (черника) – қатерлі ісіктен қорғайды, есте сақтау қабілетін жақсартады.

bilim-all.kz

Жауап қалдыру