Биік өкшенің зияны қандай?

0
73

Дәрігерлердің айтуына қарағанда, адамның табаны мен омыртқасы 23 жасқа дейін өсіп, жетіледі. Осы жасқа дейін биік өкше мен біз өкшелі аяқ киімді қолдануда өте абай болуды ұсынады. Өкшесі биік және тар аяқ киімді көп кигенде аяқтың алдыңғы бөлігіне күш түсіп, башпайлардың (аяқ саусақтары) қисаюына соқ­тырады. Биік өкшені жақ­сы көретіндерде план­тарлық фас­циит жиі кез­деседі, ол – табан сүйе­гінің үлкеюі. Және үнемі киілетін биік өкше­нің әсерінен уақыт өте келе аяқ­тың ахилл сіңірі өз қалы­бы­нан өзгеріп, жайтабан аяқ киім­мен жүру мүмкін емес бо­лып қалады. Бұл жағдай тек ота жасау арқылы ғана емде­леді.
Сонымен қатар, өкше биік­теген сайын омыртқаға тү­сетін күш те арта береді. Биік (8см-ден жоғары) өкшелі аяқ киімді ұзақ уақыт киюдің әсерінен омыртқааралық жа­рық (омыртқа арасында ет өсу, грыжа), бел аурулары, буындардың жылжуы, сіңір созылу сияқты аурулар жиі ұшырайды. Сондықтан биік өкше кигенде аяғыңыз талып, ауыра бастаса, денсау­лы­ғы­ңызды ойлаға­ныңыз дұрыс.
Егер сіз күні бойы биік өкшелі аяқ киіммен жү­ріп, ұйықтар алдында аяғыңыздың сіңірі тартылып (сирек әрі жәй ғана болса да), ісіп, ауырсынулар бай­қалса, варикоздың (аяқ қан тамырларының ке­ңеюі) алғашқы белгілері бо­луы мүмкін. Күні бойы аяғың­ыздан тік тұратын не көп шап­қылайтын жұмыста істе­сеңіз, сізде варикоз ауруларын ас­қын­дырып алу қаупі бар. Ал биік және тар аяқ киім қан тамыр­ларына қысым түсіреді.

Жауап қалдыру