Балық майы көру қабілетін жақсартады

0
40

Балық еті – адам ағзасы үшін пайдалы тағамдардың бірі. Оның құрамында адамға аса қажетті ақуыз, май, дәрумен, протеиндер, омега 3, 6, 9 амин қышқылдары, көптеген минералды заттар бар. Ал сүйегімен жейтін май­шабақ, арқан (лосось) балықтарында фосфор және фтор көп мөлшерде кездеседі.
Кальций сүйекті қатайтса, фосфор ағзаның атқаратын барлық қызметіне қатысады. Сирек тұтынатын балықтың еттен де пайдалы екенін көпшілігіміз біле бермейміз.
Балықтың пайдасы:
– балықтағы амин қышқыл­дары адам ағзасына сі­ңімді. Бұл қышқылдардың құ­ра­мында ағзаға аса пайдалы метионин көп;
– бауыр ауруларының алдын алады;
– балық белогында бой өсі­руге ықпал ететін лизин қышқылы да мол;
– балық майының құра­мын­да А және Д дәрумені көп. Сондай-ақ менолен және ара­хидон қышқылдары да бар.
– балық өнімдерінен жа­сал­ған тағамдар ас қоры­ту бездерінің жұмысын жақ­сар­тады;
– балық құрамында иод, фтор, мыс, кобальт секілді хи­миялық элементтер бар;
– балықтан жасалған та­ғам­дар жүрек жұмысын жақ­сартуға көмектеседі.

Жауап қалдыру