Балық майы көру қабілетін жақсартады

0
232

Балық еті – адам ағзасы үшін пайдалы тағамдардың бірі. Оның құрамында адамға аса қажетті белок, май, дәрумен, протеиндер, омега 3, 6, 9 амин қышқылдары, көптеген минералды заттар бар. Ал сүйегімен жейтін майшабақ, арқан (лосось) балықтарында фосфор және фтор көп мөлшерде кездеседі. Кальций сүйекті қатайтса, фосфор ағзаның атқаратын барлық қызметіне қатысады. Сирек тұтынатын балықтың еттен де пайдалы екенін көпшілігіміз біле бермейміз.
Балықтың пайдасы:
– балықтағы амин қышқыл­дары адам ағзасына сіңім­ді. Бұл қышқылдардың құрамында ағзаға аса пайдалы метионин көп;
– бауыр ауруларының алдын алады;
– балық белогында бой өсі­руге ықпал ететін лизин қышқылы да мол;
– балық майының құра­мын­да А және Д дәрумені көп. Сондай-а, менолен және ара­хидон қышқылдары да бар.
– балық өнімдерінен жасал­ған тағамдар ас қоры­ту без­дерінің жұмысын жақсар­та­ды;
– балық құрамында иод, фтор, мыс, кобальт секілді хи­миялық элементтер бар;
– балықтан жасалған та­ғам­дар жүрек жұмысын жақ­сар­туға көмектеседі.

Жауап қалдыру