Бала неге тұйық болып өседі?

0
54

Кей отбасындағы балалар тұйық мінезді болып өседі. Ешкіммен сөйлескісі келмейді немесе ешкімді жақтырмайды.
Ата-ананың кінәсі
Бала отбасында өзін жал­ғыз сезінгендіктен мі­не­зі тұйық болады. Ата-ана­сының өзімен әңгіме­ле­су­ден қашатынына, бір­де­ңені сылтауратып ке­­тіп қалатынына, әңгіме­сі­нің қы­зық­сыз екенін ашық айт­қанына бала өзі­нің кө­ңіл-күйін, қайғысын біл­дір­меу­ге, ішінде сақтап қа­луға үйрене бастайды. Ол ата-анасымен сөй­­ле­суге ты­рыс­пайды, ал егер одан бір­деңе сұрай қал­саң, қыс­қа ғана жауап бе­реді. Бұ­лай істеуі­нің себебі үл­кен­дер ашула­на­ды, ұры­сады, жазалайды деп қор­қады.

Бала бойындағы физикалық кемістік
Бала бойында физика­лық кемістік (көзі нашар көріп, көзілдірік киюге тура келсе, семіздік, арықтық, кекештену, т.б.) бар болса, мінезінің тұйық болуына се­беп болады. Мұндай жағ­дайда дәрігердің арна­йы көмегіне жүгінумен қа­тар, ата-ана баланың кем­шіліктеріне мән бермей қал­жыңмен қарауына, қы­сыл­мауына көмектесуі ке­рек. Бұл сезімді бала бойы­на ұялатуға түрлі ойын­дар пай­дасын тигізеді. Балаға өзі­­ңіз не отба­сыңыздың бас­қа мү­ше­лері туралы қы­зықты оқи­ғ­а­лар­ды, күл­­кі­лі әңгіме құрас­ты­ру­ды ұсыныңыз. Кез кел­ген адамның күлкі­лі жағ­дайға, қызықты оқи­ғаға тап болатынына көзі жет­кен кезде, бала ай­нала­сындағылардың әжуа­лаған көзқарас­тары­нан қы­сылмайтын бола­ды. Егер бала көпшіл бол­маса, сырт келбетінің ұсқын­сыз­дығы үшін қысылса, оның ішкі жан дүниесінің ерекшелігіне мән беріңіз.
Қандай жағдай болмасын балаға мейіріммен қарап, жылы сөздеріңізді ая­маңыз­дар. Бұл баланың өзіндік орнын байқатады, өз-өзіне деген сенімі жо­ғары­латады, жанына жы­лу береді. Бұл баланы тым еркелетіп жібереді деп уайымдамаңыз. Бала ке­зінде мұндай байла­ныс оған өте қажет. Бала көзін ашқан сәттен бастап әкесінің анасы туралы, анасының әкесі туралы, екеуі өзі туралы ойлай­тынын көрсе, болашақтағы тәрбиенің бастамасы қала­нады.

Жауап қалдыру