Байлық туралы пікірлер мен ырымдар

0
256

Бай-қуатты болудың сырын әркім әрқалай тұ­жы­рым­дайды. Оның нақты формуласы болмағанымен, нақты қағидаттары бары рас. «Бай болу кездейсоқтық емес, ақылмен, жоспарлы түрде жүйелі жұмыс жасаудың жемісі» дейді табысты адамдар. Олай болса,  жетістікке жеткен адамдардың қалталы болуға байланысты айтқан ойлары мен ақша туралы халық арасында кең таралған түсініктерге құлақ түрелік.
Теңге тиыннан құралады
Ежелгі гректердің өзі ақша ақшаны тартатындығына сенген. Алайда бұны тура мағынасында түсініп, үйінің әр жеріне ақша іліп, оны жанды зат секілді әс­пет­теу дұрыс емес. Бұның астарында үнемшілдік жатыр. Үнемдеу ар­қылы орта табыспен-ақ тәп-тәуір қаржы жинауға болады. Та­быстың бір бөлігін жинауға дағдылану – болашақ капитал­дың я қаржылық қордың негізі бо­луы ғажап емес. Мейлі, ол аз ғана ақшадан басталсын.
Бастысы, қадам жасау және соны әдетке, дәстүрге айналдыру. Айталық, табысыңыздың 20 пайы­зын тұ­рақты түрде жинаңыз. Бір­шама уақыттан кейін соның өзі кәдім­гі­дей көзге көрінерліктей со­маға жетіп қалғанына көз жеткізесіз. Осылайша үлкен мақ­сат­тарға несие­сіз, қарызсыз қол жет­кізу­ге жол ашылмақ.
Үнемделген ақша – табанақы, маңдай термен келген ақша. Қа­ра­пайым, бірақ маңызды тә­сілді қолдануды әдетіңізге айналдырып көріңіз, өзгеріс өзін көп күттірмейді. Алайда үнемшілдік сараңдыққа айналып кетпеуі тиіс. Және үнемшілдікті сараңдыққа балаған дұрыс емес. Өйткені қым­батшылық өршіп, ақша құн­сыз­данған нарық заманында үнем­­­шілдік көп тығырықтан шы­ғаруы мүмкін. Оны еуро­палық­тар, жапондықтар әлде­қашан түсін­ген. Біздің осы тұр­ғыда үйре­неріміз көп.

Ақша санағанды ұнатады
Бұны ырымшыл адамдар ғана емес, кәсіби экономистер де айтады. Ақшаның есеп-қисабын жа­сау бай­лық кепілі дегенді жиі естиміз. Және ақ­ша­ны ойша санап қана қоймай, жазып жүр­ген дұрыс. Бұл жер­де әң­гіме ақшаны орын­ды жұмсау туралы болып отыр. Айлық табыс пен шығын­дарды жазып, соған қа­рай қажетті-қажетсіз шығынды анық­тауға болады. Ырымға сенсек, ақ­шаны түнде санауға болмайды. Ол кедейлікке соқтыруы мүмкін. Ақшаны умаждамай, жырт­пай ұстаған дұрыс. Ақша құрметтегенді жақсы көреді. Сонда ол да тиісінше жауап береді. Осындай ырымдар әлі күнге бар. Өмір  өзі көрсеткен, дәлелдеген нақты мысалдарға келсек, ақша көбейген сайын адамның тілек, қалауы да көбейе түседі екен. Экономикалық заңдар: табыс жоғары болған сайын, шығын да көбірек бола түседі дейді. Кезінде айына 50 мың теңге тауып жүр­генде жетпеген ақша, енді 100 мың тапқанда да жет­­пей­тіндей көрінеді. Ақшаны орын­ды жұмсап үйренбесеңіз 500 мың алғанда да оны жет­кі­зуі­ңіз неғайбыл. Өйткені сіздің талап-тілегіңіз де арта түседі. Бұрын 5 мыңға аяқ киім алсаңыз, қазір 10 мыңға аласыз дегендей. Үл­кендердің «ұқсатып жарат» дейтіні содан. Ақшаны орынды жұм­­сау оның суша ағып кетуін сақтайды.

Неғұрлым көбірек берсең, соғұрлым көбірек аласың
Қайырымдылық жасау, садақа беру – ырысты арттырып, кірісті көбейтеді. Істі оңға бастырады. Қайырымдылықтың сауабы мен ризығы туралы исламда да, хрис­тиандықта да, басқа діндерде де айтылған. Демек, қайырымдылық адамның ұлтына, сеніміне қара­мастан, барлығына ләзім. Ауық-ауық қайырымдылық жасау­ды дәулетті адамдар, әлемдік әр­тістер мен әншілер үрдіске айнал­дырған. Әлемдегі ең бай адам Билл Гейтс тұрақты түрде қайы­рымдылық шараларын жасап тұрады. Оның өзінің қайырым­ды­­лық қоры бар. Майкл Джексон қайырымдылыққа ең көп қар­жы бөлген әртіс ретінде тарих­та қалды. Атақты актер Джеки Чан ұдайы қайырымдылық жа­сап тұрады. Ол бірнеше же­тім­ді ма­­териалдық тұрғыда қам­та­масыз етуді мойнына алған екен. Олигарх Уоррен Баффетің «біреуге бақыт сый­лау өзің­ді одан да бақыттырақ етеді» дегені бар. Айтпақшы ол әлі күнге 1960 жылғы көлі­гімен жүреді екен. Бұдан олардың байлығы көбеймесе, азай­ған емес. Біреуге қолұшын созу адамның өзіне сенім­ділігін арттырады. Сенім­ділік жетіс­тік­тің жартысы екендігін ұмыт­пағай­сыздар.

Бәріне бірдей қарыз беруге болмайды
«Кешке қарай қарызға ақша, нан, әсіресе тұз беруге болмайды» деген сөз бар. «Кедейлерге қарызға ақша берме» деген де түсінік қалыптасқан. Берсең, қайтарымсыз бер. Өйткені ақша арқылы олардың энергетикасы қоса беріледі дейді халықтық ырым­дар. Осы сынды еуропалық ұғым-түсініктер біздің санамызға да еніп келеді. Оны ұстану-ұс­танбау әркімнің жеке пікірі, бірақ қарызға ақша  бергенде оның тез арада қайтатынына се­нім­ді болған жөн. Қарыз алған адам созбалақтап жүріп алса, өзіңіз қиындыққа тап болуыңыз мүмкін. Мамандар туыстар мен достарға мүмкіндігінше қарыз бермеуге кеңес береді. Бұл екі арадағы қарым-қатынасқа сызат түсіруі мүмкін. Сондай-ақ біреу­дің алдында қандай да бір мін­деттемең болса, ондай адамға қарыз бермеген дұрыс. Ол алған ақшасын қайтармауға қақысы бар деп сезінуі ықтимал. «Жақсы істелінген жұмыс үшін шайпұлды аямаған жөн, ол үш есе болып қайтып келеді» деген де сөз бар. Жалпы қарыз алуға емес, беруге тырысса, ақша үнемі оралып тұруға бағдарланады екен.

Ақшаны жас кезде жиған дұрыс
«Отызда орда бұзбаған, қырықта қамал алмайды»  демекші, байлықты немесе сол бай­лыққа бастар жолды жастық шақта тапқан дұрыс. Жас ұл­ғай­ған сайын мәнсаптық өрлеу мүм­кіндігі азая түседі де, сәйке­сінше материалдық тұрғыда қам­­тылу мүмкіндігі де азаяды. Әлеу­­меттік зерттеулер 40 жас­тан асқаннан кейін материалдық жағ­дай төмендейтінін көрсет­кен. Дәу­летті адамдардың 70 пайызы жағдайын 40 жасқа дейін жа­са­ған екен. Алайда статистика тек өткенді ғана көрсететінін ұмыт­паған жөн. Қырықтан кейін де мил­лионер атанғандар жетерлік. Айталық, әлемдегі ең бай адам­дар тізімінде екінші орында тұр­­­ған киім өндіріп, сатумен ай­на­лысатын Омансио Ортега 40 жасында миллионер атанған, «KFC» брендінің негізін қалаған Харланд Сандерс егде тартқан ша­ғында байыған, кәсіпкер Эндрю Карнеги мен АҚШ-тың 16-пре­зиденті Аврам Линкольн де қырықтың қырқасына шық­қан­нан кейін миллионер атанған.

Ақша тауып алғанда
Тауып алған ақшаны ізгілікке жұмсаған жөн. Жапондықтар тауып алынған ақшаны қатер санайды. Ондай «сыйлықтың» сұ­рауы өзің үшін аса қымбат дү­ниемен қоштасуға дейін соқ­тыруы мүм­кін. Сондықтан жа­­­пон­дық­тар тауып алынған ақшаны қайы­рымдылыққа жұм­са­­ғанды құп көреді. Ал имандылық қағи­далары бойынша тауып алған ақ­шаны үш рет жария етіп, иесі табылмаса алуға болады делінеді.

Меліс СЕЙДАХМЕТОВ,
«Президент және Халық»

Жауап қалдыру